Басты бет » Тіршілік ырғағы (страница 19)

Тіршілік ырғағы

*ШӘКӘРIМ ӨСИЕТІ*

*** Егер сөз шынымен жүректен шыққан болса, онда ол міндетті түрде жүрекке кіреді. Ал, ол тек тілден шыққан болса, құлақтан ары аспайды. *[ШЫНШЫЛДЫҚ]* *** Дұрыс нəрсені тез танып, жүрекпен түсініп, шынайы жанашырлықпен айтпасаң, ісің бекер. *[МЕЙІРБАНДЫҚ]* *** Адамдар сенің сыртыңа қарайды, Жаратушың ішіңмен, жан дүниеңмен бағалайды. Пенделер үшін сыртыңды ғана əдемілеумен əуре боп, ішкі əлеміңді ұмыт қалдырып, ластап алма. *[ТАҚУАЛЫҚ]* *** Ауру тек денеде ...

Толығырақ »

Болашақ дәрігер Аида Дебреценде оқып жүр

«Мен жастарға: Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер дер едім». Заңғар жазушы Ғабит Мүсірепов осылай айтқан еді. Таудай талапқа біліммен ұмтылып қанаттары талмай талпынып жүрген жастардың бірі – Аида Зейнуллина. Кіндік қаны Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында 1999 жылдың ақпан айында тамған. Ата-анасының тұңғыш қызы. Шаһардағы №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының табалдырығын аттаған  ...

Толығырақ »

ҰЛТСЫЗДАНДЫРУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС

(Мақала белгілі дипломат, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Сайлау Батырша-ұлы мен журналист Мұрат Алмасбекұлының «Тәуелсіздік жолындағы дипломатия» кітабынан) М. Алмасбекұлы: Халықтың өткен тарихын, бүгіні мен болашағын ойлау – кейіпкеріміздің өмірлік ұстанымы. Оның алдына қойған биік мақсаттары – мемлекеттің тұтастығы, тәуелсіздіктің баянды болуы, халықтың бірлігі және ұлттың сақталуы үшін әлі де күресіп келеді. С. Батыршаұлы: Патшалық Ресей уақытында ағарту министрлігінің «Об образовании ...

Толығырақ »

Жадыра Шамұратова. Серіктің батпырауығы

(новелла) Жаңа жылдық мерекенің абыр-сабыры басылып, ана жер, мына жерден тұтанған от шашу да таусылып, су жүретін тұрбалар да, терезелерді естілер-естілмес қып ұрған жел де, пәтерлердегі ауа айдағыштардың гуілі де, шатырлардың шиқылы да әлдеқайда жоғалып, көпқабатты үйлер түнгі кеңістікте баурап алар сиқырлы ертегіге құлақ қойғандай бірауық тынып қалған. Бірнеше күн бойы құрсаулаған аяздан кейін ауа сәл бусанғандай болып, көз жетер ...

Толығырақ »

«ROMEO & JULIET» АЛҒАШ РЕТ ҚУЫРШАҚТАР БЕЙНЕСІНДЕ 

 Махаббат бар жерде машақатқа да орын табылады. Әулет пен тобырдың кесірінен қаншама махаббатқа толы тағдырлар құрбан болды. Бұл – ықылым заманнан бері келе жатқан адамзаттық ахуал. Ағылшынның ұлы драматургі, ақын Уильям Шекспирдің әйгілі «РОМЕО мен ДЖУЛЬЕТТА» оқиғасын суреттейтін трагедиясы елімізде алғаш рет қуыршақтар бейнесінде 84 жылдық тарихы бар Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрында ағымдағы жылдың 24-25 қаңтар күндері аралығында көрерменге ...

Толығырақ »

Айнұр БАЗАРОВА: «Ең көп еститін сөздеріңіз «кешіріңіз» бен «рахмет!»»

Қараша айында «Болашақтың» бағдарламасының құрылғанына – 25 жыл толды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған болатын. Осы жылдар ішінде алдарын биік мақсат қойып, арман арқалаған мыңдаған қазақ жастарының қиялына қанат бітірді, болашағына кең жол ашты. Әлемнің жетекші оқу орындарында білім алуына зор мүмкіндіктер сыйлады. Сондай «білсек, көрсек, үйренсек» деп «Болашақты» таңдаған жастардың қатарында ерлі-зайыпты Әлібек ...

Толығырақ »

Сарбаздың хаты

Алдыңғы мақаламда әскерге қалай келгенімді жан-жақты жазған болатынмын. Бүгінгі сөз ұлттық ұлан сарбазының бір күні және маңызды нәрселер туралы болмақ. Сізге ұнайтынына сенімдімін. Ендеше, оқып көріңіз. 5513 әскери бөлімінің әр сарбазы өзіне тапсырылған міндеттерді тиянақтылықпен орындайды. Ерте тұру – сарбаздың дағдысы, әскердің өзгермейтін заңы. Таңғы сағат 06:00-де ұйқыдан тұрып, 06:05-те батальон алдына сапқа тұрамыз. Кезекші офицер пәрмен бергеннен кейін жорықтық ...

Толығырақ »

1986 жылғы желтоқсанның «ызғары»

2016 жылы  елімізге белгілі дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Сайлау Батырша-ұлының өмірі мен қызмет жолы, Кеңес дәуірі мен тәуелсіз  еліміздің ішкі-сыртқы саясаты туралы жазылған «Тәуелсіздік жолындағы дипломатия» атты еңбек жарық көрген болатын. Ал осы жолы аталған кітап толықтырылып, 2-басылым ретінде қайта жарыққа шықты.  Батырша-ұлының аты аталғанда ойымызға бірінші кезекте «дипломат» деген атау оралады. Себебі, онымен қазақ дипломатиясы бүтіндей егіз ұғым. ...

Толығырақ »

ЖАСАНДЫ ТҮСІК – ҚАЗАҚҚА ЖАТ ТҮСІНІК

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қыз балаларға 16 жастан бастап ата-анасының келісімін алмай-ақ, жасанды түсік жасата беру туралы жобаны ұсынып, заң жүзінде бекітіп алмақшы. Ал қазіргі біздегі қолданыстағы ережелер бойынша кәмелетке толмаған қыз балаларға мұндай медициналық көмек көрсету үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі міндетті түрде керек. Министрліктің бұл ұсынысы жария болысымен-ақ халық арасында қызу талқылау басталып кетті. Ол түсінікті де, ...

Толығырақ »

«КИНОНЫ ҚАЗАҚША КӨРГІМ КЕЛЕДІ!»

«Еліміздің кинотеатрларында қазақ тіліндегі кино мен анимациялық фильмдерді ыңғайсыз уақытта және тым аз көрсетеді. Бұл — қазақ тілді көрерменнің, тұтынушы құқығын бұзу. Осыны біле тұра ешқайсымыз не заңға жүгініп, не басшылығына айтып талап етпейміз. Тәуелсіз, дербес мемлекетте емес, өзгенің елінде тұрып жатқандай күйдеміз. Заң біз жақта, қазақ тілі жағында, тек сауатты талап етіп, жұмыла білсек болғаны. Кез келген ұлы жетістік ...

Толығырақ »