Басты бет » Жаңалықтар » Қасым-Жомарт Тоқаев: Өркениетті қоғам құрудың жолы — адал еңбек ету (видео)

Қасым-Жомарт Тоқаев: Өркениетті қоғам құрудың жолы — адал еңбек ету (видео)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, Үкімет мүшелері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты.

Жиында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, биылғы жоспардың талқыланды.

«Табыс табу – азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартудың және болашаққа деген сенімін нығайтудың басты факторы. Өкінішке қарай, соңғы кезде жұрттың табысы экономиканың өсімінен емес, әлеуметтік трансферттің есебінен көбейді. Ашығын айтқанда, жәрдемақы және зейнетақымен ғана күн көріп отырғандар аз емес», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында.

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде ел жастарын да тілге тиек етті.

– Адал еңбек ету – бәрімізге ортақ міндет. Өкінішке қарай, кейде жұрт, әсіресе жастар маңдай терін төгіп жұмыс істегісі келмейді. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргенді жөн көреді. Өйткені олар бізде адал еңбек лайықты бағаланбайды деп ойлайды. Жастар бастықтар мен ауқаттыларға жақын жүретін түрлі алаяқтардың, жемқорлардың шалқып өмір сүріп жатқанын көріп отыр. Тіпті, соларға қарап бой түзейтін болды. Қоғамда табысқа жетудің төте жолы осы деген қате түсінік орнығуда. Министрден малшыға, қаржыгерден қара жұмысшыға дейін әрқайсымыз бұл туралы терең ойлануымыз керек. Тиісті қорытынды жасап, дұрыс әрекет етуіміз қажет. Сонда ғана біз өркениетті қоғам құра аламыз, – деді Президент.