Ақтау қаласында Yessenov University базасында VIII халықаралық студенттік «Caspian Games – 2026» ойындары өтті. Ауқымды спорттық дода Қазақстан мен шет мемлекеттердің студент жастарын бір алаңға тоғыстырды. Халықаралық спорттық іс-шара Каспий маңы елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, студенттік спортты дамытуға, сондай-ақ жастар арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын кеңейтуге бағытталды. Жарысқа Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан университеттерінің студенттері ...
Толығырақ »Топжарған
16 жастағы әлем чемпионы Олимпиадада бақ сынайды
Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи жеңіске жеткеннен кейін енді Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр. Бұл туралы Jastar janary 1bol.kz арнасына сілтеме жасап жазды. 16 жастағы спортшы 31 қазан мен 13 қараша аралығында Сенегал астанасы Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын қорғайды. 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сұпығалиева өз жас санатындағы әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. Фатима ...
Толығырақ »Шымкентте «Тартыл FEST» дәстүрлі спорт фестивалі өтті
Шымкент қаласындағы «Арбат» аллеясында жастар арасында воркаутты кеңінен насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған дәстүрлі «Тартыл FEST» спорт фестивалі өтті. Спорттық іс-шараға салауатты өмір салтын ұстанатын қала тұрғындары, әуесқой спортшылар мен тәжірибелі атлеттер қатысты. Фестиваль жоғары көңіл-күй мен тартысты бәсекеге ұласты. Іс-шара барысында қатысушылар белтемірге тартылудан өзара бақ сынасып, күш пен төзімділіктерін көрсетті. Фестивальдің ерекшелігі – қатысушыларға қатаң жас шектеуінің қойылмауы. ...
Толығырақ »Азия ойындары аяқталды: 84 медаль – жаңа белес
Азия ойындары аяқталды, деп хабарлайды Jastar janary FASTNEWS.KZ ақпараттық сайтына сілтеме жасап. Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында 84 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады. Ұлттық құрама қоржынында 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль бар. Фото: olympic.kz Бұл нәтиже Қазақстан спорты үшін маңызды жетістік болды. Өйткені 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ...
Толығырақ »Алматыда «Рух марафон – 2026» спорттық сайысы өтті
Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы мен Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazakhstan» жеке мекемесі мен Жетісу ауданының демалыс орталықтарының бірлесіп ұйымдастыруымен «Рух марафон – 2026» спорттық сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, дене шынықтыру дағдыларын дамыту, сондай-ақ командалық рухты, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру болды. Марафонға ...
Толығырақ »ТАРИХИ ЖЕҢІС: ТАЕКВОНДОШЫ ТАМИРЛАН ТІЛЕУЛЕС – АЛТЫН ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ
Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды. Отандық спортшы 58 келіге дейінгі салмақтың финалында Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті. Тамирлан бірінші кезеңде 16:14 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде де жерлесіміз айқын басымдық танытып, 15:2 есебімен жеңді. Кездесудің қорытындысы бойынша Тілеулес 2:0 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Осылайша Қазақстан құрамасы таеквондодан тарихта алғаш рет Азия ойындарында ...
Толығырақ »ҚОС БОКСШЫМЫЗ АЗИАДА АЛТЫНЫН ҚОРЖЫНҒА САЛДЫ
Бүгін алғаш болып Азия ойындарының финалында атой салған отандасымыз Төрехан Сабырхан, кейін команда капитаны Айбек Оралбай алтын еншілеп қазақстандық бокс жанкүйерлерін қуантты. Сабырхан Қазақстан боксының Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілістен кейінгі алғашқы алтынын иеленіп отыр, деп хабарлайды Jastar janary. Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы финалда Иордания өкілі Зейад Ишаишпен жұдырықтасты. Отандасымыз қарсыласын 5:0 ...
Толығырақ »Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы: Жас шахматшымыз үздік нәтиже тіркеді
Қазақстандық шахматшы Елназ Қалиахмет Самарқандта өткен 46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында жеке есепте алтын медаль жеңіп алды. 16 жастағы отандасымыз төртінші тақтада өнер көрсетіп, үздік нәтиже тіркеді. Қалиахмет Олимпиада барысында 8 партия өткізіп, 6 жеңіске жетіп, бір рет тең түсіп, бір рет жеңілді. Ол 6,5 ұпай жинап, 2450 перформанс-рейтинг көрсетті. Жас шахматшының Қытаймен өткен маңызды кездесудегі жеңісі де Қазақстан құрамасына үлкен ...
Толығырақ »АЗИАДА-2026: Аяқкиім дауы спортшыны алтыннан айырды
27 қыркүйекте қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбаева Аичи-Нагоя-2026 Азия ойындарындағы спорттық жүріс жарысында Қытай спортшыларын басып озып, мәреге бірінші болып жетті, деп жазды Jastar janary olympic.kz-ке сілтеме жасап. Сурет: olympic.kz Жарыс аяқталғаннан кейін World Athletics ережелеріне сәйкес әйелдер мен ерлер арасында жүлделі орындарға ие болған үш спортшының аяқкиімі міндетті тексеруден өтті. Тексеру барысында техникалық делегаттар Қазақстан өкілі Ясмина Тоқсанбаева пайдаланған аяқкиім ...
Толығырақ »АУЫР АТЛЕТ АЛЕКСЕЙ ЧУРКИН АЗИАДАДА КҮМІС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті. Отандық зілтемірші 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Алексей жұлқа көтеруде 173 келіні, серпе көтеруде 205 келіні еңсерді. Осылайша ол қоссайыс қорытындысы бойынша 378 келіні бағындырып, күміс жүлдеге ие болды. Алтын медальді Солтүстік Корея өкілі Ро Кван Рёль жеңіп алды — 379 (165+214) келі. Ал ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы