Басты бет » Жаңалықтар » Қас пен кірпікті өсіру

Қас пен кірпікті өсіру

Қымбатты қыз-келіншектер, әйел сұлулығының сыры жайында айтпақпыз.

 Қас пен кірпікті өсіру, олардың күтімі туралы не білеміз?

Кірпікті қатайту үшін:
Кастор майы кірпіктер үшін шипалы ем. Оның құрамындағы балауыз қышқылы түрлі сыртқы зақымдардан қорғап, ылғал көлемін реттеп тұрады. Кастор майын, тушь жағылған кірпікті екі-үш қайтара жуған соң арнайы щеткаға батырып, тушь жаққандай етіп, асықпай, бар кірпік ұзындығына жағуды әдетке айналдырыңыз.

Қас күтімі үшін:
Қасыңыз қалың, қап-қара болсын десеңіз, арнайы массаж және коррекция жасау қажет. Сондай-ақ зәйтүн, бадам, шабдалы, кастор, күнбағыс  майлары болса болғаны. Қасты күн сайын тарап отыруды ұмытпаңыз.

Қас жылдам үшін:
Ол үшін сізге тек қана бадам майы қажет. Бадам майын қасыңыздың үстіне жағып, 10 минут күтіңіз. 10 минуттан соң, жуып тастау қажет емес, тек қана таза дәкемен немесе қағаз майлықпен сүртіп алсаңыз жеткілікті.

Ал ханымдар, әрдайым өзімізге күтім жасап, сұлу болып жүрейік!