Басты бет » Жәдігер

Жәдігер

ЕНШІ

Енші – ата-ана мүлкінің балаға тиісті үлесі Қазақтың әдет-ғұрыпы бойынша қыздардың әке мүлкіне мұрагерлікке құқығы жоқ деп есептелінген. Бұған тек ұлдар, дәлірек айтқанда, кенже ұл ғана құқылы болған. Бұл бір жағынан дұрыс, бірақ ескеретін жәйттар бар. Барлық балалар, соның ішінде қыздар да әкенің мүлкінде үлеске ие. Оның үстіне қыздар өз үлесін екі рет алады. Үлкен ұл-қыздарға өз үлесі әкесі қайтыс ...

Толығырақ »

Шекелік

Шекелік – ауырлау келген сырғаның бір түрі. Оны құлақтың сырғалығын жырып кетпеуі үшін бас киімге немесе самайға іледі. Сол себепті самайсырға деп те атайды. Қазақтың зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын сынды басқа да асыл және түсті металдарға бай ...

Толығырақ »

Қожанасыр жырлайды

Түбі бір түркі халықтарына ортақ болып кеткен Қожанасыр хикаяларын түрік ақыны Махмұт Кая жыр тілінде сөйлетсе, ақын, аудармашы Маржан Ершу ол жырларды қазақ тіліне аударды. Осы жырлардың негізінде «Қожанасыр жырлайды» кітабы жарыққа шықты. Кітаптағы жырларды оқырмандарымыздың назарына ұсынамыз. Сурет «Қожанасыр жырлайды» кітабынан, суретші Эрсан Перчем   ІШІНДЕ ӨЗІМ ДЕ БАР ЕДІМ Қожа сатыдан құлады, «Гүрс» еткен даусы шығады. Көршісі естіп ...

Толығырақ »

МЫСЫР – ҒАЖАЙЫП ЕСКЕРТКІШТЕР ЕЛІ

Ұшы-қиыры жоқ Мысырдың шыңыстағы бір шеті Жерорта теңізімен шектесіп жатса, солтүстік-шығыс Африканың жазық құмындағы келесі бөлігі Қызыл теңізбен көмкеріледі. Таңғажайып тарихы, табиғаты һәм мәдениеті арқылы Мысырға саяхатшылардың сүйікті мекеніне айналған. Жылдың қай мезгілінде саяхаттап барсаңыз да, тылсым тарихқа толы ежелгі мәдениет сізді қайран қалдырудан жалықпайды. Көкпен таласқан архитектуралық зәулім құрылыстар, қатпарлы тарихтың құпиясын бүккен ескерткіштер өткен дәуірдің тағылымы мен танымын, ...

Толығырақ »

 Табақ тарту ережесі: Әр қонақтың өз сыбағасы бар

 Сый табақ — бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе.  Құда табақ — бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық бауыр.  Құдағи табақ — жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асықты жілік.  Жеңге табақ — асықты жілік, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, құйрық, өкпе, ұлтабар.  Беташар табақ — сүбе, төс еті, қарын, ащы ішек, құйымшақ, мойын омыртқа.  Күйеу табақ — төс, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа ...

Толығырақ »

КІШІ ЖҮЗДІҢ КИМЕШЕГІ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

Кіші жүздердің төпе-төпе болып, қабаттасып тұрған заттай көрінетін биік кимешегі ежелгі Сақтардың ордасындағы сыйлы аналары мен әйелдері ғана киетін алтын бам киім негізінде пайда болған. Бұл киім кейін Қырым мен Стамбул төңірегін ала құрылған Босфор мемлекетінде де орда әйелдерінің бағалы бас киімі ретінде алқауға бөленген. Греция жерінен табылған ханымдардың бас киімінде де осы бас киім. Дешті Қыпшақ кезінде бұл бас ...

Толығырақ »

Ұлыс күні — ұлттық тәрбиенің бастауы

Нұр-Сұлтан қаласы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Наурыз мерекесі тойлануда. «Отбасы – мемлекет негізі» атты пилоттық жобаның презентациясы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Орынбасарұлының қатысуымен алқа жиынында жобаның жүзеге асуының жолдары талқыланды. Бұдан бөлек,«Отбасы — мемлекет негізі» атты ауқымды жұмыстың басын біріктіретін «Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» атты алғашқы іс-шарасы өтті.  Кездесуге әдемiлiктiң, әдептiлiктiң, инабаттылықтың, сұлулықтың белгiсi деп таныған ...

Толығырақ »

КИЕЛІ КИМЕШЕК

Тұрар СӘТТАРҚЫЗЫ, этнолог, тарихшы, журналист Ақ кимешек көрінсе, сені көрем, Ақ кимешек жоғалса… Нені көрем? М. Мақатаев. Өткенде кимешек киген фотомды көріп, “кимешекті тек кемпір киеді ғой” деген пікірлер естідім. Кимешекті кім киеді, кимешектің пайдасы қандай? Кимешек – қазақ әйелінің ұлттық киімі. Жаңа түскен жас келіншек кимешек кимеген, келіннің басына ақ орамал ораған. Құрсақ көтеріп, бөпесі туған соң, бала қырқынан ...

Толығырақ »

Қазақтың батыр қыздары

Айбике ару Айбике ару Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы болған. Оның қоластында бірнеше тыңшы, барлаушылары болған. Ол ұзақ жылдар бойы «қолға түскен күң» бейнесіне еніп, қалмақ қонтайшысының ордасында күтуші болады. Жаудың күші мен шапқыншылық ниеті туралы Абылай ханға, Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек пен Қыпшақ Тілеулі батырларға астыртын құпия хабарлар мен мәліметтерді жеткізіп отырады. Ержүрек қыз Айбике ...

Толығырақ »

Қазақ үшін «жеті» саны неге қасиетті?

Жеті қазына: Ер жігіт Сұлу әйел Ақыл, білім Жүйрік ат Қыран бүркіт Берен мылтық Жүйрік тазы. Жеті жетекші: Адамның басшысы – ақыл, Жетекшісі – талап. Жолаушысы – ой. Жолдасы –кәсіп. Қорғаны – сабыр. Қорғаушысы – мінез. Сынаушысы – халық /Саққұлақ би/. Жеті ғашық: Ләйлі – Мәжнүн Фархад – Шырын Таһир – Зуһра Арзу – Қамбар Уәлік – Ғарра Уәки – ...

Толығырақ »