Гонконгте өткен бәсекенің финалында Данил Голубенко «molodoy» өнер көрсететін FURIA командасы Team Spirit ұжымын 3:0 есебімен жеңді. Кездесу Ancient (13:11), Dust2 (13:5) және Mirage (13:8) карталарында өтті.
Нәтижесінде, FURIA қатарынан үшінші ірі турнирде чемпион атанды. Бұған дейін команда Thunderpick World Championship 2026 және PGL Masters Bucharest 2026 жарыстарында топ жарған еді.
Қазақстандық Данил «molodoy» Голубенко турнир қорытындысы бойынша EVP марапатына ие болып, жарыстың үздік ойыншыларының қатарына енді.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы