Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Зинһар» бағдарламасына берген сұхбатында тағылымды ой айтып, келелі пікірімен бөлісті. Жүргізушінің: – Кедейшілік пен баршылық адамға не үйретеді екен?» деген сауалына: Жүрсін ақын: «Кедейшілік бәріне үйретеді. Жоққа шыдауға да, алға қарай ұмтылуды да, армандауды да үйретеді. Кедейшілік – кісіні жетілдіретін бір құбылыс. «Кедеймін» деп өкпелеуге де болмайды. Жоқ кезің жақсы ...
Толығырақ »Даналық дәптері
ЖИЕН НЕМЕРЕ ДЕУ – ОРЫСҚА ЕЛІКТЕУ
Бұл жазбам біраз адамның, әсіресе ұлы жоқ болғандықтан, қыздан туғанды немере дейтін, болмаса, қыздың баласын ерекше жақсы көргендіктен, жиен дегенді алыс санайтындардың көңіліне келуі де мүмкін. Біздің міндет – бабалар аманатына берік болып, тіл тазалығына, дәстүр тазалығына назар аударту, өзімізден кейінгі буынға дұрыс ақпарат қалдыру. Кейінгі кезде қазақы дәстүрден хабары бар, оқыған-тоқыған үлкен буынның өзі қазақта жоқ, «жиен немере» деген ...
Толығырақ »Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: Балалық шағымның естелігі — үйдегі кітаптарға толы үлкен сөрелер болатын
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балалық шақтағы естелігімен бөлісіп, кітап оқудың маңызы туралы әлеуметтік желіде жазба қалдырды. — Балалық шағымнан қалған естеліктердің бірі — үйдегі кітаптарға толы үлкен сөрелер мен алуан түрлі әдебиеттер. Үйде кітаптардың белгілі бір сериясына жазылу немесе кезекті рет оқылған кітаптар туралы сондай мақтанышпен, қызығушылықпен айтылғаны әлі есімде. Осыдан болар мен үйдегі кітаптарды оқып шығып, кейінірек аудандық кітапхананың ...
Толығырақ »«ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» қалалық отбасылық интеллектуалдық байқауы өтті
7 қазан күні Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы, Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицейімен бірлесіп «ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» атты қалалық отбасылық интеллектуалдық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін және қазақ тілінің құндылықтарын насихаттау, «Үлгілі жанұя» модельдерін құру, ата-ана мен бала қарым-қатынасын жетілдіру. Ұйымдастырылып отырған бұл байқауға Астана қаласының Білім беру ұйымдарының 7-9 сынып оқушылары және ...
Толығырақ »Бөлісу
Ғибратты тәрбие: «Менің 3 балам бар. Үшеуіне 3 банан алып беруге шамам жетеді. Алайда, мен 3 банан алсам да үшеуіне 1 бананды беремін де: «Үшеуің бөліп жеңдер» — деймін. Бастапқы кезде таласып жүрді, келіспей жүрді. Кейіннен бұл нәрсе әдетке айналып кеткені соншалық, кез-келген нәрсені таласпай, бөлісетін болды. Кейде бір ойыншыққа таласып, біреуі жылап келеді. Сол кезде таласқан екеуін қатар отырғызып ...
Толығырақ »Қазақ афоризмдері
ОЙ – ҚАЗЫНА Анахарсис (Анақарыс) Скифский (Б.з.д. V-VI ғасырлар) Әлемдiк тарихта есiмi “Анахарсис Скифский” деген атпен қалған, сақтар мемлекетiнiң әйгiлi ойшылы. Ғалымдардың пікірінше, Анақарыс б.д.д. 620-555 жылдары өмiр сүрген, скифтердi ата-бабасынан билеп келе жатқан хан тұқымы. Нағыз қаракөгі үзiлмеген тектен тараған. Шешесi грек қызы. Сондықтан да Элладаның тiлiн үйренiп өскен. Өнерге, әсiресе сөз өнерiне ерекше құмартып, билердiң шешендiк кеңесiне қатысып, ...
Толығырақ »АБАЙДАН ҚАЛҒАН ӨСИЕТ
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес. 2. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады. 3. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады. 4. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады. 5. Әкесінің баласы — адамның дұшпаны. Адамның баласы — бауырың. 6. Ер артық сұраса да азға разы болады. Ез ...
Толығырақ »Жалындап өткен жас ғұмыр
Қайтейін, бұл да өмірдің өктемдігі, Қап-қара тұман басып, бар мұңымды. Тоқырап мәңгілікке кеткен күні, Топырақ жоғалтады арманымды! – деп Ақжайықтың арыс ұлы, жырдың асыл берені, айтыскер ақын Асылбек Миразатұлы Ищанов жырлаған еді. Осылайша, жастық арманымен бірге мәңгілік мекенге аттанған ақынның артынды жалынды жырлары қалды. Сол мұраны көпшілік игілігіне жарату бүгіннің еншісінде. Қаймана қазақ жұрты барда Асылбектің биігі аласармақ емес. ...
Толығырақ »ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН КҮРЕСКЕН ДИПЛОМАТ
ЭССЕ-ДИАЛОГ Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы күрескен, аңсаған арманы мен мұраты болатын. Осы жолда сан ұрпақтың қаны төгіліп, намысы жаншылды. Енді міне, сол азаттығымыз, егемендігіміз бүгінгі ұрпақтың маңдайына жазылды. Қазақ елінің тәуелсіз ел болуына, сыртқы саясатының дамуына дипломаттар елеулі істер атқарды, қазір де зор еңбек сіңіріп келеді. ...
Толығырақ »АТА ТӘЛІМІ
– Арман деген не? — Ата, арман деген қиял, — депті жігіт. — Жоқ, балам, арман дегеніміз — ақыл-ойдың шыңы. Құс — ұшсам дейді, бала — өссем дейді, қыз — көpiктi болсам дейді, жігіт — бақытты болсам дейді, қарт — жүзге жетсем дейді, ақылды — дана болсам дейді, ұстаз — шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына ...
Толығырақ »