Басты бет » Көлеңке

Көлеңке

«Біздің қоғам қайда бара жатыр?»: Депутат министрлерге жастар қылмысына қатысты сауал жолдады

Елімізде неге қатыгездік өршіп барады? Оның түпкілікті себебі неде? Тәрбие кемшін бе әлде мұның өзге де себептері бар ма? Жастар арасындағы қатыгездікті, буллингті, бопсалау әрекеттерін қайтсек тоқтатамыз? Бұл басы ашық күйінде тұрған сұрақтар. Қоғамды қамықтыратыны сол, соңғы уақытта жасөспірімдердің бір-бірін аяусыз соққыға жығуы, қорлауы, ең сорақысы арты өлімге апаратын қайғылы жайттар жиілеп кетті. Телеарнаны қосып қалғанда, газет бетін ашып қалғанда, ...

Толығырақ »

Баланың көңілі алаң болмасын десек…

Соңғы кезде балалар қауіпсіздігі өзекті тақырыпқа айналып барады. Әсіресе, балалар арасында суицид мәселесі өткір тұр. Оған себеп, биыл 13 қыркүйекте 12 жастағы қыз 13-қабаттан құлап қаза тапса, 16 қыркүйекте 7-сыныпта оқитын екі жеткіншек қыз көпқабатты үйдің шатырынан құлап мерт болды. Қазір оқиғалардың мән-жайы анықталу үстінде. Суицидке онлайн ойындар, қиял-ғажайып сарындағы кітаптар, желідегі сілтемелер әсері болуы мүмкін деген сынды түрлі ойлар ...

Толығырақ »

Әлия Құдайбергенова: Біреудің жеке өмірінен шоу жасау – қасиетсіздік

Журналист Әлия Құдайбергенова әлеуметтік желіде бүгінгі қоғамда орын алып отырған түрлі жағдайларға байланысты пікір білдірді. «Адам тағдырынан, біреудің жеке өмірінің есебінен ұпай жинау, қасіретінен шоу жасау – барып тұрған қасиетсіздік. Әрнәрсенің реті, жөні болады. Мың жерден «дамып», батыстанып, еркіндікке бас ұрсаң да діліңнен, дініңнен, ұлттық болмысыңнан аттап кетуге болмайды. Дәлелсіз, құры дақпырт, өсек-аяңмен рейтингі жасау мақсат болса, моральды шетке ысырып ...

Толығырақ »

Сексуалдық құлдық: Жасөспірімдер неге қатыгез?

Қызылорда қаласында 16 жасар қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, қорқытып, бопсалап, есірткі бергендігі жайлы әлеуметтік желіде ақпарат тараған болатын. Ол бір үйдің жалғыз қызы, оны ақпан айынан бері сыныптастары мен олардың туыстары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. @Depositphotos Ақпан айынан оқушы үйінде болмай, жоғалып кетіп жүрген. Мұны сезген ата-анасы дереу кәмелетке толмағандар ісі жөні бойынша полицияға, инспекторға қызды іздеп табу үшін жүгінеді. Нәтижесінде, ...

Толығырақ »

ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым қажет

Бүгін «Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша шешім жобасына жария талқылау өтті. Отырысқа Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Әділет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуде мемлекеттік органдардың, өтініш берушілердің, сарапшылардың және басқа да мүдделі тараптардың ұстанымдары айтылған жұмыс тобының алдыңғы екі отырыс ...

Толығырақ »

Астанада заңсыз вейп сатқандар ұсталды

Астанада полиция вейптерді заңсыз сатқан интернет-дүкенді анықтады, деп хабарлайды Jastar janary порталы polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап. Фото видеодан скиншотталды Қойма көпқабатты үйдің пәтерінде орналасқан. Интернет-дүкен штатында 28 жастағы иесінен басқа 10 адам жұмыс істеген. Олардың ішінде сатушылар, курьерлер, сұрыптаушылар, сатушы-дроппер, ревизор бар. Қоймадан 20 мыңнан астам вейп табылды. Тауар телеграмм арналары арқылы сатылған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. ...

Толығырақ »

Элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы Айка аппеляциялық шағым түсірді

Элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы Айка аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Jastar janary Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.   Фото: «Криминальный Казахстан» telegram арнасы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, іс жабық түрде қаралады. «Іс жақын арада Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясында қаралады, процесс жабық түрде өтеді», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. Еске салайық, «Айка» ісі бойынша ...

Толығырақ »

«Тексіздіктен туған ерсілік»: Киіз үйде бейәдеп би билеп, ұятсыз әрекетке барғандарды жазалау қажет

Фото: видеодан скриншотталды Қазақтың қасиетті әрі киелі баспанасы киіз үйде ерсі қылық шығарып, ұятсыз би билеген жастардың видеосы жұртшылықтың наразылығын тудыруда. Ұлттық киім киіп, бейәдептілікке барғандар жазасыз қалмауы керек деген пікірде әлеуметтік желі қолданушылары, деп жазды Jastar janary. «Бізде ұлттық идеология бар ма өзі? Неге әркім білгенін істеп жүр? Абылай туған, Абай туған кигіз үйде жартылай жалаңаш қыздар   билеп жүр ...

Толығырақ »

Лудомания: Құмарлықтан құрдымға құлдырау

«Анам ауырып қалды, дәрі-дәрмегіне жетпей тұр еді», «пәтерден қуып жатыр», «бизнес бастайын деп едім», «бір-екі күнде қайтарамын» деген сылтауларды жиі естисіз бе? Осындай сылтаулармен қарыз көп сұрайтындардың басым бөлігі – құмар ойынның құлы. Азарты әбден асқынғандар ұятты ұмытып, туған-туыс, дос-жаранды қойып, қайыр сұрауды қалыпқа айналдырады. Сурет: tengrinews.kz 2018 жылы ДДҰ лудоманияны ауру деп тауып, арнайы F63.0 диагнозын тіркеген болатын. Мамандардың ...

Толығырақ »

«Білім саласындағы жанжал»: Нархоз университеті қазақ тілін алып тастады

Коллаж Orda.kz Елімізде дәрісті қай тілде өту керегі күні бүгінге дейін даулы мәселе болып келеді. Жақында Нархоз Экономика және Менеджмент саласында қазақ тілін оқыту тілінен алып тастады. Бұл жайлы Нархоз университеті жеке сайтында жариялады, деп жазды Оrda.kz порталы. Артынша Экономика және Менеджмент мектебінің оқытушылары қазақ тілін алып тастауға қарсы шығып, министрлікке хат жолдады. Ұстаздар хатта қазақ тілін алып тастауға үзілді-кесілді ...

Толығырақ »