
Қайырымдылық – ізгі іс. Осы нақыл сөзді әркез жанына жақын тұтатын тәртіп сақшылары бұл жолы да бір отбасына қолдап, көмек көрсетіп, волонтерларды тарту арқылы қайырымды іс жасады.
Орал қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Динара Темирова өзінің қызмет көрсететін 18 әкімшілік аймағындағы тұрмысы төмен, 4 баласы бар бір отбасын анықтады. «Ескі аэропорт» ауданындағы отбасының жағдайын білмек болып, мекен-жайына арнайы барады. Үй ішінде шиеттей 4 бала, үй бөлмесінің қабырғалары мен едені де жаңа жөндеуді қажет етеді екен. Балаларды бір әке ғана қарап отыр. Балалардың анасы үйде болмай шыққан. Динара Темирова Амировтер отбасы туралы алғашқы деректерді жинап, Орал қ. ПБ басшыларына және Жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшылығына жеткізіп, қайырым жасау мақсатында волонтерларды да тартады. Осылайша, көпшілік жұмылып, «Солнечный Уральск» қоғамдық бірлестігінің волонтерлары отбасына ауыз толтырып айтарлықтай қайырым жасады. Үй ішін жөндеп, түсқағаздарын ауыстырып, жаңалады. Азық- түлік апарып берді. Ал, мектеп инспекторы үйден кетіп қалған балалардың анасына іздеу салады. Іздеп, тауып, отбасын сақтап қалу мақсатында біраз түсінік жұмыстарын жүргізеді. Алайда, алғашында үйіне, балаларына оралуды ойлағанымен, 4 баланың анасы бұл күнде қарасын көрсетпей отыр.
Бүгін, 2021 жылғы 16 маусымда кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі арнайы мамандандырылған ауданаралық сотында іс қаралып, 4 баланы әкенің қамқорлығына қалдыру турыла шешім шықты.
Балалардың әкесі мектеп инспекторы полиция капитаны Динара Темироваға алғысын жеткізді. Осы істің басынан аяғына дейін өзі аяқтай сабылып жүріп, волонтерларды тартып, жәрдем қылғанына, өмір сүруге құлшыныс оятқанына мың алғыс айтып, тынымсыз қызметіне сәттілік тіледі.
Орал қ. ПБ
баспасөз қызметі
naproxen 500mg pills prevacid 15mg brand prevacid 15mg oral
naproxen 250mg generic naprosyn tablet buy lansoprazole online
coreg 25mg ca order generic cenforce chloroquine uk
albuterol oral buy phenazopyridine 200mg online cheap pyridium 200 mg pill
proventil ca albuterol 100 mcg usa buy phenazopyridine 200 mg generic
buy olumiant tablets glycomet pill buy lipitor 40mg sale
singulair buy online order singulair 5mg online dapsone 100 mg us
singulair tablet buy symmetrel sale avlosulfon pills
olumiant 2mg pills order atorvastatin 20mg without prescription buy generic atorvastatin 80mg