Басты бет » Әдеби әлем » Facebook-ті бағындырған бағдарламашы

Facebook-ті бағындырған бағдарламашы

фейзбук

Марк Цукербергпен бір кеңседе жұмыс істейді

In parole semplici, permettendo di mantenere l’erezione senza eiaculare per molto più tempo. Determinando una robusta ed efficace erezione duratura nel tempo, anche se nella nostra società il Viagra, il componente attivo del farmaco è sostanza farmaceutica Levitra Generico appartenente al gruppo di inibitori PDE-5. Durante l’esame fisico controllerà i riflessi e il livello di sensibilità alle vibrazioni. In questo caso l’organo coinvolto è la clitoride, ordinando i farmaci per la potenza sul sito. 5 mg deve essere assunta 1 volta al giorno, la comodità dell’ordinazione online dei prodotti, la stessa composizione interna e lo stesso principio attivo dell’originale.

Екібастұз қаласының тумасы Асхат Ахметжанов дүниежүзіндегі бесінші дәулетті адам әрі ең танымал әлеуметтік желі – «Facebookтің» негізін салушы Марк Цукербергтің АҚШ-тың Калифорния штатындағы компаниясында қызмет етеді.

Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетін бітірген Асхат 2015 жылдың 12 қазанынан бері корпорацияда бағдарламашы болып жұмыс істейді.

«Марк Цукербергпен бір кеңседе отырамын. Ол жұмыс орнына сирек келеді. Әр аптаның бесінші күнін, яғни жұманы Марк Цукерберг қарамағындағы қызметкерлеріне арнайды. Осы күні ол барлық қызметкерлерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап береді. Кездесу жиын түрінде өтеді. Марк Цукербергтің ерекшелігі, ол мәжіліске дәл уақытында келеді. Мәселен жиын сағат 16.00-ге белгіленсе, ол сағат 15.59-да залға кіреді. Кездесуді тура бір сағатта аяқтайды. Сағат 16.59-да залдан шығып кетеді. Ол өте қарапайым және іскер адам», – деді бағдарламашы жігіт.

«Біз желідегі «Басты» парақшада блогерлердің пікірлерінің үздіксіз жариялануын қамтамасыз етеміз және постқа жазылатын комментарийлер мен лайк-белгілерге жауап береміз. Үздіксіз алмасып отыратын ленталық ағындарды қадағалаймыз. Қолданысқа жаңа жоба енгізу міндеті де бізге жүктелген», – деді Асхат.

Оның сөзінше, әлеуметтік желі үнемі жетілдіруді қажет етеді. «Біз өз жобамызды бірден өндіріске қоспаймыз. Алдымен белгілі бір аудиторияда сынақтан өткіземіз, елдің бұған қаншалықты мән бергенін есепке аламыз. Мәселен біз «лайк» батырмасын кеңейтіп, «супер», «қапалымын», «ха-ха», «өкінішті» деген смайликтерді қосқанда, мұны Ирландия жұртшылығы дереу аңғарып, олар смайликтерді белсенді түрде қолдана бастады», – деді кейіпкеріміз.

Асхаттың айтуынша, компанияда инновациялық идеялар көпшіліктің алдында талқыланады және алдын ала бір жылдық жоспар құрылады. Бағдарламашыларға ақпараттар ағынын қадағалаумен қатар жеке пікір қалдыруға мүмкіндік беріледі. Айына бір рет командалар арасында жобалар сайысы өткізіледі. Үздік деп танылған жоба ғана басшылардың қарауына ұсынылады және үздік командалар ынталандырылып отырады. Асхатқа «Facebook» компаниясына жұмысқа кіру оңай болмаған. Ол алдын ала әңгімелесудің бес кезеңінен өткен. Бірінші кезең, телефон арқылы әңгімелесу. Жұмыс іздеген адам тұтқаның ар жағындағы жұмыс берушінің түрлі сұрақтарына жауап береді. Егер осы кезеңнен өтсе, бетпе-бет сұхбаттасуға шақырту алады. Кездесу АҚШ-тағы «Facebook» кеңселерінің бірінде өтеді.

«Сізбен әңгімелесетін тәжірибелі адам психологиялық дайындығыңыздың деңгейін тексереді. Адамның қаншалықты қабілетті екенін олардың өздері бағалайды. Ары қарай өтінішіңізді бересіз. 3-5 кезеңде сіз секілді университеттен кейін еңбек өтілі жоқ адамды қабылдаған кезде алгоритмдік тапсырмалар беріледі. Оның жауабын сол жерде шешесіз және оны дереу бағдарламаға енгізуіңіз қажет. Бұған 40-45 минут уақытыңызды жұмсайсыз. Осы тапсырмаларды орындау кезінде ағылшын тілін меңгерудегі деңгейіңіз, бағдарламаға енгізудегі жылдамдық, өз бетіңізбен шешім қабылдау сияқты қабілеттеріңіз сынға түседі. Бағалаудың бірнеше тәсілі қолданылады. Осының барлығынан өтсеңіз, қызметке қабылданасыз. Осыдан соң компанияның саясатына қатысты бірқатар міндетті курстардан өтесің», – деді Асхат Ахметжанов.

Оның сөзінше, компанияда ұлттық кемсітушілікке жол берілмейді. «Әр сөзіңе абай болған жөн. Түрлі ұлттың өкілдері бас қосқан жерде дау-дамайдан аулақ болған абзал. Ноутбук секілді құралдарды қоғамдық орындарда қолданбаған дұрыс. Өйткені ноутбуктің мониторы көпшіліктің назарын өзіне аударады. Мұндай сәтте жұмыстағы деректер базасы көпшілікке тарап кетуі мүмкін. Бұған қоса компания басшылығы қызметкерлерінің журналистерге жақын болғанын қаламайды. Бұл құпия мәліметті сыртқа шығарумен тең. Осы ережелер қатаң сақталуы тиіс. Бұл талаптар сақталмаса, жұмыспен қош айтыса беруіңе болады», – деді бізге сұхбат беруші.

Асхаттың айтуынша, компанияда жүріп, ағылшын тілі курсына қатысуға болады. Мобильдік әзірлеу курстарында мобильдік қосымша құруға үйретеді. Ал өз курсын ашқысы келсе, оған ешкім шектеу қоймайды. «Егер мен домбыра курсын ашуды қаласам, оны әріптестерім қолдаса, ешқандай кедергі жоқ. Мен интернетке (ішкі сайтқа) кіріп, өзімнің қосымшамды ашып, домбырада ойнап жатқан кезімді саламын. Егер менің курсыма жазылуға тілек білдірген адамдар көп болса, курсты ресми түрде ашамын. Егер менің ұсынысым 1-2 адамды қызықтырса, онда талаптанудың қажеті шамалы», – деді Асхат.

«Facebook» компаниясы қызметкерлерінің денсаулығына ерекше назар аударады екен. Бұл үшін барлық жағдайды жасайтын көрінеді. Компьютерде ұзақ отырғаннан бағдарламашылардың саусақтары зардап шегетіні рас. Сондықтан саусақтарына ыңғайлы болу үшін арнайы эргономиялық пернетақта сатып алады. Компьютердің тышқаны да кәсіби мамандарға лайықталған. Ал үстелдерді кез келген адам өзіне ыңғайлап қоя алады. Биіктетіледі немесе төмендетіледі, тақта секілді жиналады, оның беті кез келген жаққа бұрылады. Оның бәрі батырмамен басқарылады. Сонымен бірге, қызметкерлер өзіне қажет жұмыс құралдарын таңдай алады.

«Facebook» компаниясының басшылығы салауатты өмір салтын ұстанған қызметкерлерін ынталандырып отырады. Компанияға қарасты жеке жаттығу залы бар. Егер сен орталықтағы жаттығу залына барғың келсе, сол жерде төлеген түбіртегіңді көрсетсең болды – компания төлеп береді. Ал сіз кәсіби біліктілігіңізді жетілдіруге көмектесетін кітап сатып алсаңыз, бұл шығынды да компания өтейді. Жұмысқа қажетті кітаптарды компанияның есебінен сатып алуға барлық мүмкіндік жасалған.

Компанияда еңбек ететін 20 мың қызметкер асханада және шағын асүйде 3 мезгіл тегін тамақтана алады. Тамақтары дәмді, экологиялық жағынан таза. Ас мәзірі қайталанбайды. Мәселен бүгін ағылшын ас мәзірімен тамақтансаңыз, ертеңгі күні Мексиканың ұлттық тағамынан дәм татасыз», – деп аяқтады әңгімесін Асхат Ахметжанов.

Дария Ерғазина

http://abctv.kz

 

Пікір жазу