Астана қаласындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін ағылшын тілінде сөйлетті. Шет тілін оқытудағы жаңа әдіс оқушылардың ынтасын арттырып, оқу үлгеріміне оң әсерін тигізді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жазды. «39 жыл ұстаздық еткен тәжірибемде сабақ барысында ақпараттық технологияларды қолдану, тілді ән және фильмдер арқылы үйрету әдістерін пайдаландық. Алайда танымал шығармалар мен қазақ ертегілерін аударып оқыту балалардың қызығушылығын арттырып, ...
Толығырақ »Ұстаз cағаты
Тұрсын ЖҰРТБАЙ: Журналистика – тек сөзден емес, тағдырдан тұрады
Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінде Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен ғалым, жазушы, журналист, алаштанушы Тұрсын Жұртбайдың «Алаш аманаты» атты шеберлік дәрісі өтті. Болашақ журналистерге арналған дәрісті ең алдымен ғалым факультет қабырғасындағы студенттік жылдарынан бастады. ***** Бірінші курстан бастап Қайыржан Бекхожиннің тікелей шәкірті болып, алаштануға қадам бастым. Сонда сабаққа да, басқаға да көңіл аудармай, алашты зерттеуді маған ...
Толығырақ »Үздіктердің ұстазы
Қарағандылық ұстаз беделді халықаралық олимпиадалардың 10-нан астам жеңімпазын тәрбиелеп шығарды. Ол туралы Оқу-ағарту министрлігінің бсспасөз қызметі жариялады. Ұстаз Саматов Абылай Маранұлының мұғалім қызметін атқарып келе жатқанына 11 жыл болды, ол мектепте химия пәнінен сабақ береді. Осы уақыт ішінде ұстаз халықаралық интеллектуалдық сайыстардың 10-нан астам жеңімпазын тәрбиелеп шығарды. Биыл оның шәкірттерінің бірі Мадияр Қасымәлі химиядан беделді IChO халықаралық олимпиадасында алтын медаль ...
Толығырақ »Асхат Аймағамбетов: ДЕБАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР МЕН МЕКТЕПТЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ЖАНДАНДЫРУ ҚАЖЕТ
Дебатқа алғаш рет курстасымның өтініші бойынша қатыстым. Негізі ойынға басқа азамат шығуы керек болатын, бірақ ол бара алмады. Осылайша, екінші курста оқып жүргенімде дебаттарға қатыса бастадым. Әр ойын сайын тәжірибе жинап, жарты жылдан кейін факультет деңгейінде, кейін университет, қала, облыс деңгейінде жеңімпаз болдық. Одан кейін Ұлттық пікірсайыс турнирі болды. Сол жылдары дебат қозғалысы өте белсенді дамып жатты. Әрбір университет пен ...
Толығырақ »