Басты бет » Тіршілік ырғағы (страница 7)

Тіршілік ырғағы

Биыл елге 18 мыңдай қандас келген

Биыл 18 мыңға жуық этникалық қазақ елге оралды. 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 17 903 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жыл басынан Қазақстанға қандастардың жартысы (53,8%) Өзбекстаннан, 19% – Қытайдан, 11% – Моңғолиядан , 7,6% – Ресейден, 6,5% – Түрікменстаннан және 2,1% басқа елдерден келген.  t.me/atamekenbusiness_qaz

Толығырақ »

Астанада волонтерлер есірткі жарнамалайтын жазуларды өшірді

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлері «Еsirtkige jol joq» және «Bolashaqqa jol» жобасы аясында елордалық Полиция департаментімен бірге есірткі заттарын жарнамалайтын қаладағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртындағы жазуларды өшіру акциясын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара аясында Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және «Alians KGN Qazaqstana» ҚҚ бірлесе отырып, Сарыарқа ауданында есірткі сату туралы мәліметтері бар ...

Толығырақ »

Марқұм Салтанат Нүкенованың туыстары халыққа үндеу жолдады

Бүгін әлеуметтік желіде асқан қатыгездікпен өлтірілген Салтанат Нүкенованың туыстары халыққа үндеу жолдады.  Фото: smi24.kz Үндеуде марқұмның туыстары қылмыстық істі жеке бақылауына алған Мемлекет басшысына және қайғыларына ортақтасып жатқан Қазақстан халқына алғыстарын жеткізген. «Қадірлі достар, қымбатты қазақстандықтар. Қызымыз Салтанаттың айуандықпен өлтірілуіне байланысты көңіл білдіргендеріңізге шын жүректен алғысымызды айтамыз. Сіздердің жазған қолдау пікірлеріңізді, шалған қоңырауларыңызды, хабарламаларыңызды, білдірген көңілдеріңізді көріп отырмыз. Біз зорлық-зомбылық ...

Толығырақ »

Сүйінші! Халқымыздың саны 20 миллионға жетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды осы ақжолтай жаңалықпен құттықтады. «Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», – деп жазды Мемлекет басшысы. 5 бала Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. «2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8:10-да туған 5 бала еліміздің ...

Толығырақ »

Ринат Заитов: Әскерге тек қарапайым халықтың балалары ғана барады

Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов жоғары лауазымды тұлғаларды немесе олардың балаларын әскерде қызмет етуге міндеттеуді ұсынды. — Бір байқайтыным қазіргі уақытта әскерге тек қарапайым халықтың балалары ғана барады. Себебі олардың алып қалатын ақшалы немесе ықпалды жақындары жоқ. Менің ойымша егер біз әскерге баруды лауазымды тұлғалардың балаларына да міндеттесек, әскердің жағдайы да өзгереді, — деді депутат. Неге министр, депутат, әкімдердің балалары ...

Толығырақ »

JOLTAP: Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

«JOLTAP» жобасы аясында Астанада 2 500 азаматқа кеңес берілді. Қала тұрғындары мемлекеттік қолдау шаралары және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы ақпарат алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктері арқылы 52 мемлекеттік қолдау шарасы бойынша 2 500 адам кеңес алып, әкімдікке көмек алу үшін өтінім жіберді. Бизнес ашу үшін грант пен микроқаржыландыру бағдарламарына қатысуға 570 адам өтінім жасады. ...

Толығырақ »

Жастар жұмыссыздығын жою – өзекті мәселе

Қазір елімізде 29-35 жас аралығындағы жастардың саны 6,05 млн адамға жетті. Бұл – Қазақстан халқының 31%-ы. Ал жастар жұмыссыздығы бүгінде өзекті мәселеге айналып тұр. 2023–2029 жылдар аралығында елімізде 3,3 миллионнан астам азамат жұмыспен қамтылуы тиіс. Жастардың үлесі кем дегенде 2,3 миллионға жетуі керек. Жұмыссыздықты азайту, жастарды жұмыспен қамту мәселесіне Мемлекет басшысы баса назар аударып отыр. Қазір Қазақстанда жастардың үлесі 31%-ды ...

Толығырақ »

Қыз алып қашу: жәбірленуші кешірді, ал сот ше?

Таразда алып қашудың құрбаны болған қыз күйеу жігіт пен жолдасына араша сұрап арыз жазды. Тіпті, салт-дәстүрге сай сырға салып, неке қиғанға келісімге келген. Алайда адам ұрлау бабымен айыпталған екі азаматқа сот кешірім берген жоқ. Күні кеше алып қашу операциясына қатысқан екі азаматқа жеті жылдан жаза кескенін айтқан едік. Бұл туралы 31 арна хабарлады. Сурет ernur.kz-тен Әлі күшіне енбеген сот шешімі ...

Толығырақ »

Кәсіпкер қызметкеріне пәтер сыйлады

Әлеуметтік желіде көпшілікке жақсы танымал блогер әрі кәсіпкер Талғат Итаев қызметкеріне ерекше сый жасады.  Бұл қуанышты жаңалығын кәсіпкер Instagram-парақшасында бөлісті. Танымал блогер әрі актриса Айым Сейтметованың жары Талғат Итаев Asarume қайырымдылық қорымен бірігіп, көлік оңдау орталығында тазалықшы болып жұмыс істейтін бес баланың анасына пәтер сыйлады. «Талғат бауырымыз өз қызметкері туралы айтып берді, біз осы әйелге бірлесіп үй сыйлауды жөн көрдік. ...

Толығырақ »

Жамбыл облысында қызды алып қашқан 2 адам сотталды

Тараз қаласының №2 сотының шешімімен Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының азаматтары қызды алып қашқаны үшін сотталды. Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлады. Фотосурет ашық көздерден алынған 2022 жылдың көктемінде «Ж» есімді азамат ортақ таныстары арқылы «А» есімді азаматшамен танысқан. Бірнеше кездесуден кейін, қыз қарым-қатынасты одан әрі жалғастырудан бас тартқан. Алайда осыған қарамастан, «Ж» есімді азамат қызға үйлену үшін алып қашуға шешім қабылдаған. ...

Толығырақ »