Басты бет » Жаңалықтар » Алматыда жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы басталады

Алматыда жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы басталады

11-15 желтоқсан аралығында Алматының жұмыс істейтін, 35 жасқа дейінгі жастарынан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтініш қабылданады. Өтініш пен құжаттарды Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына www.kezekte.kz сайты арқылы тапсыру керек.

 

 

Фото: yassy-tur.kz

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 3 жыл мерзімге беріледі. Наурызбай ауданында жалпы саны 2 100 пәтер үлестіріледі.

Бағдарламаға қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
* 35 (отыз бес) жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
* Алматы қаласында тұрғылықты жері бойынша 3 (үш) жылдан кем емес тұрақты тіркеуді растау (осы қалада тұрғын үй сатып алуға үміткерлер үшін);
* Алматы қаласында 14 жастан асқан өтініш берушінің отбасы мүшелерінің (жұбайы және болған жағдайда балалары) тұрақты тіркелуі;
өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының өтініш берудің алдындағы 5 (бес) жыл ішінде меншік құқығында, жалдау құқығымен немесе сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау (жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын апатты жағдайдағы, құлау қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда);
* соңғы алты айда кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш (2023 жылға – 138 мың теңге) мөлшерінен кем емес ай сайынғы табыстың болуы;
* банктік жинақ шотында 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш (2023 жылға – 138 мың теңге) мөлшерінен кем емес қалдық болуы.

Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе негізінде (ең көп балл саны бойынша) жүргізіледі. Балл беру критерийлері, сондай-ақ қажетті құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған.
Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін бағдарламаға қатысушылар жоғарыда көрсетілген сайттағы жеке кабинеті арқылы берілген өтініштің нәтижесін дербес бақылайды.

Анықтама телефондары: +7(727)2251452, +7(727)2251437.