«Мен анама қазіргідей жақын болған емеспін. Сондықтан мен анамды тапқанша Испанияға үйге оралмауды жөн көрдім». Қазақстанға анасын іздеп келген Мұрат өзінің ілеуметтік желідегі парақшасына осындай жазба қалдырды.
«Құрметті қазақ елі, маған сіздердің қолдауларыңыз бен көмектеріңіз қажет. Мен анамды іздеуді доғарған жоқпын. Әлі де іздеу үстіндемін» деген Мұрат (Жәнібек): «Маған ана керек. Қазақстаннан туған анамды тауып, оны құшағыма алып, туыстарымды табатыныма сенімдімін», – дейді.
Бұған дейін хабарланғандай, анасын іздеп Испаниядан арнайы келген Мұраттың тағдыры туралы бірнеше рет жазылған болатын. Шет мемлекеттен анасын аңсап жеткен Мұратқа қолдау көрсетейік!