Басты бет » Тіршілік ырғағы (страница 13)

Тіршілік ырғағы

Сергей, Sulpak сауда орны қызметкері: «Қазақ тілін білмейтін азаматтарды жұмысқа алмаймыз»

Sulpak -тан компьютердің керек жарағын алып, кассаға келдім. Сергей маған таза қазақ тілінде қызмет көрсетті. Осы уақытқа дейін Sulpak сауда орны бойынша қазақ тілі мәселесі біраз ушыққанын әлеуметтік желіде оқып жүрген болатынбыз. Шымкенттегі Гипер Хаус сауда орталығындағы қызметкерлер «Біздің басшылық тарапынан қазақ тілі қолға алынған. Қазақ тілін білмейтін азаматтарды жұмысқа алмаймыз» дегенде төбем көкке жетті. Сергей акцентсіз қазақ тілін судыратып ...

Толығырақ »

Қазақстанда жылжымайтын мүліктің құны өсуде

OLX зерттеуі Алматы, 28 қараша, 2022.  OLX.KZ онлайн-хабарландыру сервисінің талдаушылары 2022 жылдың үш тоқсанындағы Қазақстандағы тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік және жер нарығын бағалады. Нарық ұсыныстарын зерттеу барлық санаттар бойынша жалпы өсуді анықтады. Орташа алғанда, нарық 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға төмендеді. Бұл ретте барлық санаттар бойынша бір шаршы метрдің құны елде орта есеппен 20%-ға өсті.  Нарықты зерттеу ...

Толығырақ »

«Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасы басталады

Семей қаласы әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесіп желтоқсан айында «Абай жастары» бағдарламасын іске қосады. Бұл туралы atamekenbusiness_qaz жазды.  Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Оның ішіне түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен жас отбасылар кіреді. Қатысу шарттары 1 желтоқсанда Семей қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

Толығырақ »

Қазақстандықтарға қолжетімді 8 ипотекалық бағдарлама

Қазақстандықтарға қандай ипотекалық бағдарламалар қолжетімді екенін LS агенттігі жазды деп хабарлады turkystan.kz. 7-20-25. Операторы – қазақстандық тұрақтылық қоры Бастапқы жарна-пәтер құнының 20%, мерзімі 25 жылға дейін және мөлшерлемесі 7%. Тұрғын үйді тек бастапқы нарықта сатып алуға болады. Астана, Алматы және олардың қала маңындағы аймақтары, Ақтау, Атырау және Шымкент үшін тұрғын үйдің ең жоғары құны – 25 млн теңге, Қарағанды, Түркістан үшін – 20 ...

Толығырақ »

КӨК ЖҮЗІНДЕ ЖЕЛБІРЕГЕН КӨК БАЙРАҚ

Парашютшы Олег Тощев Республика күніне орай Іле Алатауының аспанында Қазақстанның ең үлкен туын көкте желбіретіп, Қазақстанның Гиннес рекордтары кітабына енді.  Ту елордадағы тудан екі есе үлкен. Тудың өлшемі – 800 шаршы метр, ені 40 метр болса, ұзындығы – 20 метр. Тәжірибелі парашютшы 2500 метр биікте Қазақстан байрағын желбіретті. Олег Тощев 12 жылда парашютпен 5800 мәрте секірген.

Толығырақ »

Қ.Тоқаев: Қонаев студенттер үшін өте ыңғайлы қала болар еді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен жүздесіп, Қонаев қаласын дамыту жайын айтты. Әсіресе, Алматыдағы студенттер үшін жатақхана мәселесі де өзекті болып тұрғаны жасырын емес. Осы мәселеге тоқталған Мемлекет басшысы: «Әрине, жастардың Алматы сияқты ірі қалада оқып, жұмыс істегісі келетіні түсінікті. Дегенмен Қонаев студенттер үшін өте ыңғайлы қала болар еді деп ойлаймын. Бұл жақта жатақхана салуға жер ...

Толығырақ »

Ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі өседі: үй алғысы келетіндер не істеуі керек

Бұл туралы «Үй алайық» ипотекалық компаниясының жетекшісі Мәдина Болатханқызы айтып берді. Коллаж: https://syrboyi.kz/ «Отбасы банк» 1 қазаннан бастап жылдық пайыздық мөлшерлемені көтереді. Бұған дейін көрсеткіш 7% болса, бұдан бұлай 11,5%-ға дейін артады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Бұл өзгеріс қандай бағдарламаларға қатысты және тұрғын үй нарығына қалай әсер етеді? Бұл туралы «Үй алайық» ипотекалық компаниясының жетекшісі Мәдина Болатханқызы айтып берді. – ...

Толығырақ »

Президент ұлтты ұйыстыратын 7 қағиданы атады

Мемлекет басшысы ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы айқындады: Бірінші. Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Екінші. Елдіктің негізі – жеріміздің тұтастығы. Үшінші. Мемлекет мүддесі – қастерлі құндылық. Төртінші. Рухани үндестік – бірліктің бастауы. Бесінші. Заңдылық пен тәртіп – өркениетті ел болудың кепілі. Алтыншы. Жасампаздық – жаңару мен жаңғыру жолы. Жетінші. Достық пейіл, мейірімділік және жанашырлық – ең асыл қасиеттер.   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: ...

Толығырақ »

Президент: Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке арқалап жүруге мәжбүр

Сурет: https://kz.otyrar.kz/  Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысында Президент білім алу үшін дұрыс жағдай жасау мемлекеттің аса маңызды міндеті екенін атап өтті. «Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке тасуға мәжбүр деген шағымдар көптеп түседі. Бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізетіні анық. Сондықтан оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды жеделдету қажет деп санаймын», — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. @qazaqstantv

Толығырақ »

Президент ауылдарға Илон Масктың интернетін орнатуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge-2022» халықаралық технологиялық форумында: «Цифрлық даму министрлігі ең шалғай жердегі ауылдарда SpaceX және OneWeb төмен орбиталық спутниктік жүйелер желілерін қосу жөніндегі жұмысты жандандыруы тиіс. Халықтың 40%-ға жуығы ауылдық жерлерде тұратын біздің еліміз үшін барлық азаматтарды қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады», – деді. t.me/atamekenbusiness_qaz

Толығырақ »