Басты бет » Жаңалықтар » Енді Туды қорлағандарға 10 млн теңге айыппұл салынады

Енді Туды қорлағандарға 10 млн теңге айыппұл салынады

Қазақстанда рәміздерді қорлағандар 10 миллион теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер нәтижесінде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке ұлғайтылды және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін көбейтілді», — деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.