Сурет ашық интернет көзінен алынды
Енді қоғамдық орында балағат сөздер айтқандар бір айға қамауға алынады.
Жаңа түзетулерге сәйкес, айыппұл 69 000 теңге болып, ал қамауға алу 5 күннен 30 тәулікке дейін ұзарады.
«Жаңа редакцияда қоғамдық орындарда дөрекі сөздер айту, жеке тұлғаларды балағаттау және жәбірлеу, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және басқаларға құрметсіздікті білдіретін осыған ұқсас әрекеттер жасалатын болса, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын ұсақ бұзақылық деп саналады. Қазіргі уақытта ұсақ бұзақылық үшін сот 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза тағайындады. Енді айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге), қамауға алу 5 күннен 30 тәулікке дейін ұзарды», — деді А.Күрімбаев.
Түзетулер 2023 жылдың наурыз айынан бастап күшіне енеді.