Түркиядағы қазақ құтқарушылары туралы бір сөз… Бұл туралы журналист Нұрбек Бекбау әлеуметтік желіде жазды.
Фото видеодан алынды
Қазақтың төтенше қызметі Газиентеп шаһарына келгенде, шеткірек бір учаскені берген. Еуропаның мен-мен деген елдерінің құтқарушыларына көбірек иек артқан ғой.
Біздің жігіттер, жарайды, — дейді де, сол өздеріне берілген аумақтан әуелі 2-еу, сосын тағы 3 адамды дін аман, қирандылар арасынан суырып алады. Әлгінде ғана; – дамыған елдердің робот боп киініп алған төтеншеліктерінің қасында, қазақтың қайла ұстаған жігіті не бітіреді? — деген пікірі сап жойылады. Назар біздікілерге ауады. Қазақ жігіттері өте өнімді жұмыс көрсетеді ғой, аз ғана уақытта. Сөйтсе былай екен:
Шетелдік құтқарушылар — қиранды астында қалып қойған адамдарды тек ауыр техника күшіне сүйеніп қана шығарады. Оған ұзақтау уақыт керек. Тірі жатқан кісі күтіп жатып-ақ өліп қала берген.
Ал қазақ жасағының тактикасы өзгеше. Қираған ғимараттың бүйірін үңгіп, жетіп барады немесе үй жанын ойып, басылып қалған кісінің астынан келеді. Осындай пидагерлікке баруының арқасында, жігіттеріміз 7 жанды аман алып қалды. 88 адам денесін қиранды ішінен суырып алды. Бізжің жігіттер — қабырғаларды қақырата қазып жатқан кран аяулы адам денесін мылжалап тастауына жол бермей, әр марқұмның арулап көмілуіне жағдай жасады. Түріктер осыдан кейін, ГазиАнтеп қаласындағы бізге тиеселі 3 учаскеде қазақтың жігіттерін негізгі күш етіп, басқасын соларға бағындырып қойды.
Кеше қиранды үйлердің астынан тірідей болса тірідей, шейіт болғандардың денесін алып шығып, үйінді болған үйлерді сүріп, тап-таза етіп барып, елге қайтты.
Әбжіл, арықтау келген, көпшілігің 5 уақыты түгел, сабырлы жігіттер. Нағыз батырсыңдар!!!
Видео Нұрбек Бекбаудың әлеуметтік желідегі парақшасынан