2023 жылғы 5 ақпанда Зачаганск кенттік округіне қарасты бір жер үйдің ауласында тұрған ВАЗ маркалы автокөліктің салонынан 100 мың теңге ақша қолды болды. Түнгі сағат үштен кете ақшасының қолды болғаны туралы түк білмейтін көлік иесі таңертеңгілік қызметіне шыққан сәтте көп мөлшердегі ақшасын таппай қалған. Салон ішін әрі қарап, бері қарап, өз бетімен іздеуі нәтиже бермегесін салы суға кетіп, «102»-ге хабарласқан. Оқиға орынына барған Шаған полиция бөлімі жедел-тергеу тобының инспекторлары айғақ, дәлелді заттарды іздеуге кіріседі. Ал 1988 жылғы Р.есімді қала тұрғыны портмонеге салынған ақшасын көлік салонына ұмытып кеткенін полиция қызметкерлеріне айтып берген-ді.
Осы ұрлық фактісіне барған Орал қаласы полиция басқармасы жедел криминалистік бөлімінің криминалисі полиция лейтенанты Мирлан Кусманов оқиға орынынан қолына іліккен айғақ заттарды мұқият зерделеп, күдікті туралы деректерді анықтады.
Осылайша, күдікті анықталып, тәртіп сақшылары оны Шаған полиция бөліміне жекізді. Ол ұрлыққа жол бергенін толықтай мойындады.
Бүгінде Шаған полиция бөлімі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлімімен іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде. Криминалист полиция лейтенанты Мирлан Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына 2018 жылы оқуға қабылданып, 2022 жылы тәмамдаған. Жас қызметкер бұл күнде алған білімін тәжірибемен ұштастырып, полицияда сапалы әрі тыңғылықты қызмет атқаруда.
2023 жыл басталғалы қала аумағында 133 ұрлық фактісі тіркелді.
Орал қ.ПБ