Басты бет » Тіршілік ырғағы (страница 12)

Тіршілік ырғағы

8 мыңға жуық қазақстандық оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды

2022 жылы 8 мыңға жуық қазақстандық оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударып, мемлекеттік қолдау шараларын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.     Коллаж: Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ» 2022 жылы «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасын (бұдан әрі – Ұлттық жоба) іске асыру шеңберінде Қазақстанның еңбек тапшылығы бар өңірлерінен 7 923 адам өз еркімен қоныс аударды, оның ішінде 1 320 қандас және 6 ...

Толығырақ »

Бастапқы жарнасыз ипотека рәсімдей аласыз

ЦентрКредит бастапқы жарнасыз ипотеканы іске қосты деп хабарлады www.zhas-zhanary.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. Банктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бастапқы жарнасыз ипотеканы алу үшін қосымша жылжымайтын мүлікті кепілге қою керек. Басқа біреудің атындағы пәтер немесе жеке үй де кепілзатқа қабылдана береді. Сосын үйдің локациясына шектеу жоқ. Мәселен, ипотека Астанадағы пәтерге рәсімделсе, кепілзатқа Қазақстанның басқа аймағындағы баспананы ұсынуға болады. Бірақ үйдің бағасы ...

Толығырақ »

Орыс мектептерінің оқушылары енді қазақ тілінен емтихан тапсырады

Келесі оқу жылынан бастап 5-8 және 10 сыныптарды аяқтаған оқушылар қазақ тілінен емтихан тапсыруы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.             Фото: ult.kz «2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» ...

Толығырақ »

Енді Туды қорлағандарға 10 млн теңге айыппұл салынады

Қазақстанда рәміздерді қорлағандар 10 миллион теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер нәтижесінде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке ұлғайтылды және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін көбейтілді», — ...

Толығырақ »

TikTok интерфейсі қазақ тіліне аударылды

Жақында “TikTok” компаниясы әлеуметтік желідегі қосымшасының қазақ тіліне аударылғаны туралы ақпаратымен бөлісті. Бұл шынында да қуанышты жаңалық деп жазды әлеуметтік желіде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин. Қазіргі уақытта елімізде қазақ тілді қолданушылар санының өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Танымал қосымшаның мемлекеттік тілге көшуі қолданушылар үшін ыңғайлы болып қана қоймай, ана тіліміздің әлемдік деңгейде сұранысқа ие екенін ...

Толығырақ »

Боқтампаздар енді айыппұл арқалайды

Сурет ашық интернет көзінен алынды Енді қоғамдық орында балағат сөздер айтқандар бір айға қамауға алынады. Жаңа түзетулерге сәйкес, айыппұл 69 000 теңге болып, ал қамауға алу 5 күннен 30 тәулікке дейін ұзарады. «Жаңа редакцияда қоғамдық орындарда дөрекі сөздер айту, жеке тұлғаларды балағаттау және жәбірлеу, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және басқаларға құрметсіздікті білдіретін ...

Толығырақ »

Биыл студенттер стипендиясы 20%-ға өседі

Cондай-ақ магистранттар мен докторанттардың стипендиялары 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 15%-ға көбейеді. Бұдан басқа, мемлекеттік білім беру гранттарының санын 10%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстары да басты назарда, деп хабарлайды inbusiness.kz. ЖОО-лар жатақханаларда орындардың қажетті саны болған жағдайда ғана қосымша мамандықтар аша алады.

Толығырақ »

Қоғам қайраткері Дос Көшім: «БАЙЛЫҚҚА ДА, БИЛІККЕ ДЕ, АТАҚ ПЕН ДАҢҚҚА ДА ҰМТЫЛМАЙМЫН»

    – Аға, сіздің есіміңіз жалпақ жұртшылыққа саясаткер, қоғам қайраткері, тіл жанашыры ретінде мәлім. Құп. Алайда сізді өздеріне үлгі тұтатын жас ұрпақ өмірбаяныңызбен құлағдар болғысы келетіні хақ. Осы орайда бала Досмахамбетпен саясаттанушы Дос ағаның аралығындағы өмір жолды баяндап берсеңіз. – Балалық және жастық шағым Қызылорда қаласының шетіндегі қысқа да тұйық көшеде өтті. Әкем – өмір бойы машина айдады, ал ...

Толығырақ »

Жылы жүректі азамат

Апат айтып келмейді ғой, өткеде Екібастұзда жылу құбыры жарылып, қаншама ​ отбасы сақылдаған сары аязда жылусыз қалғаны есімізде. Ел болып көмек қолын созып, қиналған жұрт уақытша тығырықтан шыққан болатын. Қандасымыз Құрмет Талапқазы адал ниетімен халықтың көңілінен шығып жүрген, аты затына сай азаматтардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ол бұл жолы да сауапты іс жасап, алматылық кәсіпкер Айс Мұратовамен бірлесіп ...

Толығырақ »

Сергей, Sulpak сауда орны қызметкері: «Қазақ тілін білмейтін азаматтарды жұмысқа алмаймыз»

Sulpak -тан компьютердің керек жарағын алып, кассаға келдім. Сергей маған таза қазақ тілінде қызмет көрсетті. Осы уақытқа дейін Sulpak сауда орны бойынша қазақ тілі мәселесі біраз ушыққанын әлеуметтік желіде оқып жүрген болатынбыз. Шымкенттегі Гипер Хаус сауда орталығындағы қызметкерлер «Біздің басшылық тарапынан қазақ тілі қолға алынған. Қазақ тілін білмейтін азаматтарды жұмысқа алмаймыз» дегенде төбем көкке жетті. Сергей акцентсіз қазақ тілін судыратып ...

Толығырақ »