Газиантеп қаласында құтқару, іздестіру жұмыстарына қатысқан қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің алғашқы легі елге оралды.
Жерлестеріміз үйінділер астынан 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарды.
Ал медициналық қызметкерлер жер сілкіністерінен зардап шеккен жүздеген адамға көмек көрсетті.
Оларды Алматы әуежайынан әріптестері мен жақындары күтіп алды.
Азаматтарға айрықша алғыс!
Erzhan Tolek-тің
Фейсбук парақшасынан