Басты бет » Тіршілік ырғағы » Мықты адамдардың 50 ерекшелігі

Мықты адамдардың 50 ерекшелігі

Өмірде үлкен жетістіктерге жетіп, табысты болу үшін белгілі бір ережелерді сақтау қажет. Оны бүгінде психолог мамандар да растайды. Адам ең алдымен еріншектіктен, күдіктен, сенімсіздіктен, қызғаншақтықтан арылғаны жөн. Бұл қасиеттер кез келген адамның бойында болады. Дегенмен өзін-өзі тәрбиелей білетіндер жағымсыз қасиеттерден құтыла алады. Жақсы өмір сүргіңіз келсе, мамандардың кеңесіне құлақ түре жүріңіз. 

2

  1. Мықты адамдар тығырықтан шығатын жол іздейді, ал әлсіздер күйзеліске ұшырайды.
  2. Олар кез келген сәтсіздіктен сабақ алады, басқалар жолым болмады деп қарап отырады.
  3. Олар «жеті рет өлшеп, бір рет кеседі».
  4. Олар жетістікке жету үшін тынбай еңбек етеді, біреулер болса көктен көмек сұрайды.
  5. Олар да басқалар сияқты әлденеден қорқады, бірақ қорқынышқа бой алдырмайды.
  6. Олар тек қана жауабы бар сұрақтар қоя біледі.
  7. Олар өмірге өкпелемейді. Олардың шағымдары сотта қаралады.
  8. Олар жауапкершілікті де, нәтижені де өз мойнына алады.
  9. Олар анау айтқандай талантты болмайды, бірақ бойындағы қасиеттерін толықтай пайдалана алады.
  10. Олар қарап отырмайды, істі уақытында атқарады.
  11. Олар қарамағына өзі сияқты еңбекқор адамдарды жинайды. Командалық жұмыстың нәтижесі де қомақты болады.
  12. Олар – мансапқор, әрдайым өзіне «неге мен ондай бола алмаймын?» деген сұрақ қоя біледі.
  13. Олар қалай өмір сүргісі келетінін біледі және осы мақсатқа жету жолында аянбай тер төгеді.
  14. Олар ешкімге еліктемейді, керісінше жаңа жол іздейді.
  15. Олар бүгінгі істі ертеңге қалдырмайды. Ал, жалқаудың ертеңі бітпес.
  16. Олар өмір бойы үйренумен жүреді. Кез келген тәжірибені сабақ деп қабылдайды.
  17. Олар – оптимист, сондықтан да ертеңгі күнге сеніммен қарайды.
  18. Олар өздеріне жүктелген міндетті бүлжытпай орындайды. Көңіл күйінің қандай екеніне тәуелді болмайды.
  19. Олар тәуекелге бел буып іске кіріседі. Қаржылық, кәсіби, психологиялық және эмоциялық сынақтардан қорықпайды.
  20. Олар проблемалардан қашпайды, оны шешуге тырысады.
  21. Олар бақсы-балгерлерге бармайды, тағдырдың тезіне төтеп береді.
  22. Олар келеңсіздіктердің алдын алуға тырысады.
  23. Олар сезімнің құлы емес.
  24. Олар жедел шешім қабылдауға бейім.
  25. Олар өз өмірлерін жоспарлап қояды, тұрмысқа жүрдім-бардым қарамайды.
  26. Олар басқалардың қолынан келмейтін немесе жасағысы келмейтін шаруаларды да атқара алады. Бұл – олардан басқа ешкім қабылдай алмайтын шешім.
  27. Көпшілік жайлы өмірді қалап отырғанда, беделді адамдар еңбектің түбі – береке екенін біледі.
  28. Олар толыққанды өмірдің көзін тапқандар.
  29. Олар әркез таразы басын теңестіре алады. Олар ешқашан мансап пен ақшаны, жетістік пен бақытты шатастырмайды. Ал көп адамдар үшін ақша тек өмір сүруге арналған құрал екенін, оның бақыт әкелмейтінін түсінбегенінен проблема туындап жатады.
  30. Олар өзін-өзі дұрыс ұстау мен тәртіптің маңыздылығын жетік меңгергендер.
  31. Олар өз күштеріне сенімді.
  32. Олар ақкөңіл және қолдары ашық. Олар жақындарына қол ұшын беруге әзір.
  33. Олар қарапайым. Өз қателіктерін сезініп, кешірім сұраудан тартынбайды. Олар өз күштеріне сенімді болғанымен, өр көкірек емес. Олар өзгенің ақылына құлақ аса алады. Олар өзгелердің топты жарып шыққанына қуана алады.
  34. Олар кез келген жерге бейімделе алады.
  35. Олар өзін әрдайым сымбатты ұстай алады.
  36. Олар – еңбекқор.
  37. Өзгелер суырылып шығатын жерде олар шектен тыс қызбалық танытпайды.
  38. Олар жан жақтағыларға ашық.
  39. Олар салақ және жағымсыз адамдарға уақытын кетірмейді.
  40. Олар өздеріне пайдасыз нәрсемен айналыспайды.
  41. Олар біреудің мақұлдағанын күтіп отырмайды. Олар үйреншіктіден бас тартып, жаңалық ашудан қорықпайды.
  42. Олар кез келген жерде өз орнын біледі.
  43. Олар өзінің алдына өзгенікінен биігірек мақсат қоя алады.
  44. Олар сәтсіздікке сылтау іздемейді, оны аттап өтіп, әрі қарай жүре алады.
  45. Олар бой жаза алады.
  46. Олар үшін мансап өмірдің мәні емес, ол жай ғана жұмыс.
  47. Олар оңай жолдан гөрі, тиімді жолды іздейді.
  48. Олар бастаған істі орта жолдан тастамай, аяғына дейін жеткізеді. Олар қолынан келмейтін іс болса, аяқсыз қалдырғаннан гөрі, мүлде бастамауды жөн санайды.
  49. Олар – жан-жақты тұлғалар. Оларға адамның тек физикалық және психологиялық ағза емес, эмоционалдық және рухани тұлға екені белгілі.
  50. Олар өзінің айтуы бойынша өмір сүреді.

 

Пікір жазу