Мемлекет басшысы ұстаздар қауымын дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуымен құттықтады. «Бүгінгі жиынға Қазақстанның барлық аймағынан ұлағатты ұстаздар арнайы келіп отыр. Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі, бұл – нағыз ақиқат. Бүгін өте ұтымды, мазмұнды баяндамаларды тыңдадық, тиімді пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Сөз сөйлеген ұстаздарға, бүкіл мұғалімдер қауымына ризашылығымды, ілтипатымды білдіремін. Тиісті министрлік, жалпы Үкімет айтылған мәселелерді үнемі назарда ұстауы керек. Бұл ...
Толығырақ »Архив блога
Президент: «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллионға жуық баланың есепшотына қаражат аударылды
«Балаларды қорғау және олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – аса маңызды міндет. Бұл – мемлекет саясатындағы негізгі басымдықтың бірі. ЮНИСЕФ Қазақстанның осы салада Орталық Азия елдеріне ғана емес, Еуропадағы бірқатар мемлекетке үлгі бола алатынын мәлімдеп отыр. Бұл халықаралық ұйымға ризашылығымды білдіремін. Шын мәнінде, біз бұл бағытта көп жұмыс атқардық. 2024 жылдан бері «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында ...
Толығырақ »ЭЛЕКТРСАМОКАТТАРҒА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕ КҮШІНЕ ЕНДІ
Қазақстанда электрсамокат, мопед, велосипед және өзге де шағын көлік құралдарын пайданушылар саны артып келеді. Соған сәйкес олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны да көбейген. Осыған байланысты жол қозғалысына қатысты бірқатар жаңа талап күшіне енді. Жол апаттарынан 10 бала қаза тапқан Жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің кінәсінен 390 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 33 адам қаза тауып, тағы 461 адам түрлі жарақат ...
Толығырақ »МИХАИЛ ШАЙДОРОВ – ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) 2026/2027 жылғы жаңартылған әлемдік рейтингінде үшінші орынға көтерілді. Бұл туралы qazsporttv.kz арнасы хабарлады. 22 жастағы спортшының еншісінде 3918 ұпай бар. Шайдоровтан жоғары тұрғандар – АҚШ өкілі Илья Малинин (4590 ұпай) және Жапония спортшысы Юма Кагияма (4123 ұпай). Михаил Шайдоров үшін бұл – ISU рейтингіндегі ең үздік көрсеткіш. Қазақстандық спортшы төртінші орында тұрған ...
Толығырақ »ШОКОЛАДТЫ КРУАССАН ДАЙЫНДАУ ӘДІСІ
Шоколадты круассан — сыртқы қабаты қытырлақ, іші жұмсақ әрі хош иісті тамаша тәтті. Қабат-қабат болып пісірілген қамырдың ортасындағы қою шоколад әр тістеген сайын ерекше дәм сыйлайды. Жаңа піскен круассанның жылы хош иісі мен еріген шоколадтың үйлесімі таңғы кофеге де, түстен кейінгі тәтті үзіліске де керемет жарасады. Дәмді круассанның дайындалу жолын ұсынамыз. Қамырға: * Жылы сүт – 1 стақан (200 мл) ...
Толығырақ »БЕТТЕН СҮЮ – ҚАЗАҚЫ АМАНДАСУ МӘДЕНИЕТІ МЕ?
Президент көтерген мәселенің қазақ дәстүріндегі негізі қандай? Этнологиялық түсіндірме Тұрар Сәттарқызы, тарихшы-этнограф, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеуші Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы жүріс-тұрыс әдебіне қатысты пікір білдіріп, ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуын, сондай-ақ ер мен әйелдің амандасқанда бір-бірін беттен сүюін қазақтың дәстүріне жат екенін айтты. Президенттің айтуынша, мұндай амандасу біздің салт-дәстүрімізде болмаған. Ол ер азаматтардың нық қол алысып, ал адамды ...
Толығырақ »ПРЕЗИДЕНТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН ЖӘНЕ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21 лауреат, сондай-ақ олардың ұстаздары мен тәлімгерлері шақырылды. Физика, химия, биология, математика, информатика, география және лингвистика пәндерінен беделді білім сайысында топ жарған жеңімпаздардың алтауы – алтын медаль, он бірі – күміс, төртеуі – қола медаль иегерлері. Президент білім сайысында үздік нәтижеге ...
Толығырақ »Мемлекет басшысы Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Мемлекет басшысы дауыс берген соң бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Президент Құрылтай сайлауының маңызы айрықша екенін атап өтіп, бұл саяси оқиға ауқымды өзгерістердің жаңа кезеңіне жол ашатынын айтты. – Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай ...
Толығырақ »«JASTAR CAMP»: 500-ге жуық жас «Әділет» партиясының өкілдерімен кездесті
Еліміздің барлық өңірінен келген 500-ге жуық жас Алматы облысындағы JASTAR CAMP жастар лагеріне жиналды. Олар «Әділетті Қазақстан» алаңында «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабымен кездесті. Жиында жұмыс, кәсіпкерлік, білім беру, цифрландыру және жастардың ел өміріне араласуы туралы сөз болды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуға айрықша мән берілгенін атап өтті. Бұл білім алып, жұмысқа орналасумен ...
Толығырақ »Нұрай Серікбай ісі: Айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Нұрай Серікбайды өлтіргені үшін Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін прокурор оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Тергеу мәліметінше, Аймахан Нұрай Серікбайды 35 рет пышақтаған. Шымкент қаласындағы мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Судья Шерхан Аймаханды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сотталушыға «Сталкинг», «Некеге ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы