Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды осы ақжолтай жаңалықпен құттықтады.
«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», – деп жазды Мемлекет басшысы.
5 бала Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
«2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8:10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар», — делінген хабарламада.