Шымкент қаласында Абай атындағы саябақта, Металлургтер саябағында және 17-шағынауданда үш жаңа шахмат үйі ашылды. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) және Қазақстан шахмат федерациясының (KazChess) президенті Тимур Турлов қатысты. Қала әкімі жаңа нысандардың ашылуы тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, балалар мен жастардың зияткерлік қабілетін дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Жаңа нысандар тұрғындарға бас қосуға, шахматпен ...
Толығырақ »Жаңалықтар
ҚОС АРУДЫҢ ӘДЕМІ ӘЛЕМІ
Өмір жолын өнермен бастап, шығармашылықпен өрген жандар JASTAR JANARY-ында қонақта. Ақтөбелік егіздер Жанерке мен Назерке Қырымқұловалардың өмір жолы ізденіс пен талпынысқа толы әрі үздіксіз дамумен сабақтасып жатыр. Кезінде сахна төрінде «Қос қарлығаш» атанған қос ару бүгінде тігін өнерін кәсіпке айналдырып, өздерінің шығармашылық әлемін қалыптастырып келеді. Егіздің болмысы бөлек болғанымен, бала күннен бірге өрілген арманы мен ортақ қызығушылығы оларды өмірдің талай ...
Толығырақ »Амандасу әдебі мектептерде үйретілмек
Венера Мұратқызы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Басты міндет халқымыздың баға жетпес қазынасы ұлттық мұраны» сақтау деп атап өтті. Мемлекет Басшысының амандасу әдебін ұлттық құндылықтарға сай дамыту мәселесін көтеруі де осы саясаттың нақты көрінісі. Ел үшін мәдениет – концерт, театр немесе музеймен ғана шектелмейді. Мәдениет – адамның күнделікті мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан, қоғамдағы әдебінен көрінетін өмір салты. Осы тұрғыда амандасу мәдениеті – ұлттық бірегейліктің ...
Толығырақ »ОТБАСЫН САҚТАУ – ҰЛТТЫ САҚТАУ
Тұрар СӘТТАРҚЫЗЫ, этнолог-тарихшы Қазір отбасы туралы сөз қозғасақ, алдымыздан көбіне бір ғана көрініс шығады: зорлық-зомбылық, ажырасу, ұрыс-керіс, ене мен келіннің дауы, әкенің жауапсыздығы, ананың тағдыры… Әрине, мұның бәрі бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. Зорлық көрген әйелді де, зорлық көрген баланы да қорғауымыз керек. Бірақ бақытсыз отбасы бар екен деп, барлық отбасы бақытсыз емес ғой?! Зорлық-зомбылық жасалған отбасы бар деген, ...
Толығырақ »Үкімет басшысы: Ауқатты азаматтар мемлекеттен көмек алмауы тиіс
Үкіметте халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Премьер-министр Олжас Бектенов 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде азаматтардың материалдық жағдайы ескерілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, ауқатты, өзін-өзі қамтамасыз ете алатын азаматтар мемлекеттік көмек алмауы тиіс. Үкімет әлеуметтік қолдауды мұқтаж адамдарға бағыттауды көздеп отыр. Жаңа ережелер бойынша отбасының әл-ауқаты бес санатқа бөлінеді. А және B санатындағы отбасылар бекітілген тізімдегі ...
Толығырақ »«Қазақ аруы – 2026»: Сұлулар Қыз Жібек образында сахнаға шығады
«Қазақ аруы – 2026» байқауына дайындық басталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген арулардың арасынан іріктелген ең жарқын, талантты 22 қыз 3 қараша күні Республика сарайының сахнасында өз бақтарын сынайды. «Қазақ Аруы» — бұл жай ғана сұлулық байқауы емес. Бұл — ұлттық құндылықтар мен заманауи трендтердің тоғысқан мәдени платформасы. Мұнда XXI ғасырдағы қазақ қызының: білімді, өз мәдениетіне құрметпен қарайтын және болашаққа нық қадам ...
Толығырақ »ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫ ДАҒДАРЫСТА: ОДАН ҚАЛАЙ ШЫҒАМЫЗ?
Мен бұл жазбаны біреуді айыптау үшін жазып отырған жоқпын. Өзім де ұлдар өсіріп отырған қазақтың анасымын. Сондықтан қазақтың қызына да, қазақтың ұлына да алаңдаймын. Менің қорқынышым – қазақ қоғамындағы отбасы туралы түсініктің бұзылып бара жатқаны, отбасы институтының бүгінгі дағдарысы. Кейінгі кездегі қоғамда болып жатқан жаға ұстатар оқиғаларға байланысты әлеуметтік желіден: «Қыздар, қор болғың келмесе, қазақ жігітіне тұрмысқа шықпаңдар!» – дегенді ...
Толығырақ »АҚТАУДА VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК «CASPIAN GAMES – 2026» ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ
Ақтау қаласында Yessenov University базасында VIII халықаралық студенттік «Caspian Games – 2026» ойындары өтті. Ауқымды спорттық дода Қазақстан мен шет мемлекеттердің студент жастарын бір алаңға тоғыстырды. Халықаралық спорттық іс-шара Каспий маңы елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, студенттік спортты дамытуға, сондай-ақ жастар арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын кеңейтуге бағытталды. Жарысқа Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан университеттерінің студенттері ...
Толығырақ »Қазақ тілі мен аутизм. АҚШ-та тіл үйреткен маманның тәжірибесі мен түйгені
Стэнфорд университетінің студенттеріне үш жыл бойы қазақ тілінен сабақ берген, бүгінде Лос-Анджелестегі HAAPE ұйымының аутист ересектерді жұмыспен қамту бағытын басқаратын қазақ қызы Фатима Молдашова «Адырна» ұлттық порталы тілшісіне берген сұхбатын оқырмандарымыздың назарына ұсынамыз. Әңгіме барысында ол шетелдік студенттердің қазақ тіліне қызығушылығы, АҚШ-тағы қазақ отбасыларының ана тілін сақтау мәселесі және аутизмге қатысты халықаралық тәжірибе туралы айтып берді. – Фатима ханым, сізді ...
Толығырақ »16 жастағы әлем чемпионы Олимпиадада бақ сынайды
Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи жеңіске жеткеннен кейін енді Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр. Бұл туралы Jastar janary 1bol.kz арнасына сілтеме жасап жазды. 16 жастағы спортшы 31 қазан мен 13 қараша аралығында Сенегал астанасы Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын қорғайды. 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сұпығалиева өз жас санатындағы әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. Фатима ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы