Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов жоғары лауазымды тұлғаларды немесе олардың балаларын әскерде қызмет етуге міндеттеуді ұсынды.
— Бір байқайтыным қазіргі уақытта әскерге тек қарапайым халықтың балалары ғана барады. Себебі олардың алып қалатын ақшалы немесе ықпалды жақындары жоқ. Менің ойымша егер біз әскерге баруды лауазымды тұлғалардың балаларына да міндеттесек, әскердің жағдайы да өзгереді, — деді депутат.
Неге министр, депутат, әкімдердің балалары шетелге оқуға барып, қарапайым ауылдағы Қазақтың баласы әскерге бару керек? Отан қорғау бәрімізге ортақ міндет емес пе? Сіздер қалай ойлайсыздар?