Рузанна Сарсенбаева,
«City емханасы» ЖШС,
Салауатты өмір салты дәрігері
Туберкулез – дүние жүзінде кеңінен тараған жұқпалы аурулардың бірі болып саналады. Жер шарының үштен бір бөлігі туберкулез миобактериясын жұқтырған екен. Соның ішінде көпшілігі туберкулезбен латентті түрде ауырады. Яғни, жасырын түрде, симптомсыз болуы мүмкін. Алайда жасырын инфекцияның бой көтеруі әр-түрлі теріс жағдайларға байланысты.
Ол дегеніміз – уайым-қайғылы оқиғалар, ашығу, ұзақ уақыт гормональды емделу, АИТВ инфекция және тағы басқа. Өкінішке қарай, туберкулез жұқпасымен ауыратындардың 1 млн-ға жуығы 15 жасқа дейінгі балалар болып табылады. Сонымен қатар қазіргі таңда туберкулез микобактериясының антибиотикке тұрақты формалары өршіп жатыр. Балалар үшін жұқпаның ондай түрі өте ауыр тиюде. Тіпті, мүгедектікке алып келіп, өмір жасы үзілуде.
Өкінішке қарай жалпы профилактикалық іс шаралар туберкулез ауруынан толық қорғамайды. Тұратын жері қолайлы, тамақтануы қалыпты болғаныменен, толыққанды отбасындағы балалар да бұл дертке жиі шалдығуда.
Қазақстанда балалар арасында туберкулез ауруы 2022 жылға қарағанда жоғарылап тұр. Оны Манту реакциясының нәтижелері арқылы бақылауда. Осы жылда ол тесттердің көлемін біршама жоғарылатты. Бірақ, туберкулездің өршуіне басты себеп; жоспарлы және міндетті екпеден ата-аналардың бас тартуы. Және де туберкулезбен ауыратын ересектердің туберкулезге қарсы диспансерлерде тіркелмей жүруі. Ал мұндай науқастар фтизиатрдың бақылауында болмағандықтан ол жан-жағына, балаларына инфекцияны жұқтырады.
Алайда, туберкулездің алдын алу шаралары жасалынып, ата-аналарымен әрдайым спецификалық профилактика жайында түсініктеме жұмысы жүргізіліп отыратын аймақтарда бұл дерттің көзі айтарлықтай жойылуда.
Егер қауіп-қатер топтарындағы аймақтармен арнайы профилактикалық жұмыстар (БЦЖ екпелері, қауіп-қатер тобындағы балаларды профилактикалық емдеу және иммунодиагностика ) жасалынса балалар арасында туберкулез жұқпасын төмендетуге болады.
Манту сынамасынан өтіп, БЦЖ екпесін алу арқылы біз балаларымызды туберкулездің ауыр асқынуларының алдын ала аламыз.