Басты бет » Жаңалықтар » Биыл 7 мыңнан аса студент жатақхана үшін өтемақы алады

Биыл 7 мыңнан аса студент жатақхана үшін өтемақы алады

Осы оқу жылынан бастап 7 145 студенттің жатақханада тұру ақысы мемлекет тарапынан өтеледі. 

Президенттің халыққа арнаған Жолдауында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттағы жастар үшін жатақханада тұру шығыстарын субсидиялау туралы Үкіметке нақты тапсырма жүктелген. Өтемақыны жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ мүгедектігі бар жастар алады. Жатақханада тұру үшін төленетін өтемақы сомасы 29 айлық есептік көрсеткішке тең.

 

Ақерке Абылайхан, Ғылым және білім министрлігі комитет төрағасының орынбасары:

— Студенттердің жатақханада тұру құны 12 мың теңге болса, оның 10 мың теңгесі аталған санаттағы азаматтарға Үкімет тарапынан қаржылық көмек көрсетіледі. Ал енді өңірлердегі жатақханалардың құны 7000 теңгеден басталады. Сондықтан осы санаттағы тұлғаларға толық Үкімет тарапынан қаржылық көмек беріледі. Ол үшін міндетті түрде мемлекеттік университетте оқу шарт емес, барлық оқу орындарында білім алушы осы санаттағы жастарға көмек болады, — дейді.

@qazaqstantv