Алматыда салтанатты түрде «Аңсаған Сәби» мүсінінің ашылуы қазақстандық репродуктивті медицинаның жетістіктерін бейнелеййтін мүсін ашылды.
Мүсін Қазақстан халқының репродуктивті денсаулығын жақсартуға бағытталған президенттік бағдарламаның құрметіне тұрғызылған. 2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Аңсаған сәби» ұлттық жобасын жариялаған болатын. Бұл бағдарлама бойынша бедеулікті экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісімен емдеуге жыл сайын 7 мың квота бөлінеді, соның арқасында 2021 жылдың нәтижесінде ғана республикада 3 мыңнан астам бала дүниеге келді.
– Қазақстандағы әрбір алтыншы ерлі-зайыпты бедеулікке шалдыққан. Көрсеткіштері өсіп келе жатқан ресми статистикаға сәйкес елімізде 21 мыңнан астам адамға бедеулік диагнозы қойылған. Бар күш-қуатым мен қабілетімді бедеулікке қарсы күреске арнаған репродуктивті медицина саласының маманы ретінде мен үшін бұл мүсін жай ғана символ емес. Біздің мақсатымыз – репродуктивті медицина саласындағы зерттеулерді, инновацияларды қолдау мен дамытудың маңыздылығына қоғамның назарын аудару. Сонымен қатар бедеулік мәселесіне тап болған ерлі-зайыптыларға эмоционалдық көмек пен жанашырлық таныту да маңызды, — деді ашылу салтанатында «Экомед» клиникалар тобының негізін қалаушысы және ғылыми жетекшісі Салтанат Байқошқарова.
Қола мүсін жаңа «New Generation Clinic» (NGC) халықаралық репродукция орталығы ғимаратының қасбетін безендірді. Жоспарланғандай, ол репродуктивті медицина саласындағы қажырлы еңбек пен жетістіктерді бейнелейді. Ананың алақанындағы сәбидің бейнесіндегі бұл композиция репродуктивті денсаулық саласындағы ғылыми жаңалықтар мен инновациялардың маңыздылығын білдіреді. Мүсін – ана болуды армандайтын әрбір әйелдің қуаты мен нәзіктілігінің, сенімі мен батылдығының символы.
Біздің елімізде репродуктивті технологиялардың жоғары деңгейде дамуы Қазақстандағы ЭКО әдісінің негізін қалаушы Салтанат Байқошқарованың альтруизмі, сенімі мен идеясына адалдығының арқасында мүмкін болды. 1995 жылы 18 сәуірде ол «Экомед» атты шағын зертхананың негізін қалап, 1996 жылы 31 шілдеде онда ЭКО әдісімен тұңғыш қазақстандық қыз бала дүниеге келді.
Уақыт өте келе шағын зертхана адам репродукциясы клиникаларының тобына айналды, еліміз үшін бедеулікпен күресетін жүздеген заманауи мамандар дайындады, солардың арқасында 20 000-ға жуық сәби дүниеге келді.
«Экомед» – бедеулікке қарсы күресте үміт пен жеңістің символы болды. Мамандар көрсеткен жоғары сапалы медициналық көмек оны көптеген бедеу жұптар үшін №1 емханаға айналдырды.
– Репродуктивті технологиялар үнемі дамып келеді. Мен «Экомед» клиникалар тобының Қазақстан мен Орталық Азиядағы экстракорпоралды ұрықтандыру саласындағы көшбасшыға айналғанын мақтан тұтамын. Әу бастан-ақ қазақстандық репродуктивті медицинаға соңғы жаңалықтар мен технологияларды енгізуді мақсат етіп қойдым. Осылайша, «New Generation Clinic» (NGC) заманауи Халықаралық репродукция орталығын іске қосу идеясы дүниеге келді. Бұл әлемдік стандарттарға сәйкес жұмыс істейтін, ең жоғары санаттағы қызмет пен емдеуді ұсынатын озық жаңа буын клиникасы. Мұнда Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект арқылы бедеулікті емдеудің ең заманауи әдістері қолданылуда, – дейді Салтанат Байқошқарова.