Басты бет » Жаңалықтар » Елордалық жастар үшін тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылданады

Елордалық жастар үшін тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылданады

30 мамырдан бастап «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. 

Бағдарламаға қатыса алады: жас мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет саласы қызметкерлері, спортшылар, ЖОО ұстаздары мен ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік сала мен коммуналдық қызмет қызметкерлері, ПД мен ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ Астана қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалар.

▪️Қарыз алушылардың жасы 35-тен аспауы тиіс.

▪️Бастапқы жарна – 10%

▪️Несие мөлшерлемесі – 5%

▪️Кредит мерзімі – 25 жыл.

Несиенің ең жоғары сомасы – 18 млн теңге. Азаматтар бастапқы не қайталама нарықтан және «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның кепілдемесімен үлестік қатысу шарты бойынша салынып жатқан үйден баспана сатып ала алады.

Өтініштер qatysu.zhilfond.kz сайтында 30 мамыр сағат 9:00-ден бастап, 6 маусым сағат 23:59-ға дейін қабылданады.

@qazaqstantv