Жас мамандар «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алады.
Азаматтардың уақытын үнемдеу және мемлекеттік қолдауға ие болу процесін жеделдету үшін «Дипломмен ауылға» жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтар өз өтінімін otbasybank.kz порталы арқылы жібере алады, деп хабарлады «Отбасы банк» баспасөз қызметі.
«Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген, бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіп бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері. Аудан әкімдері мен облыстық маңызы бар қала әкімдіктері осы мамандықтар бойынша талап ететін қызметкерлердің тізімін жасайды. Несие осы тізімке сәйкес беріледі» делінген хабарламада.