«Алматы жастары» бағдарламасына өтінім беру 15 мамыр басталады.
Өтінім беру мерзімі: 15-31 мамыр аралығында жүреді.
Бағдарлама бойынша 1100 үміткер баспаналы болмақ. Өз өтініміңізді almaty-zhastary.kz сайты арқылы бере аласыз.
Бағдарлама шарттарын естеріңізге сала кетейін:
* Максималды үй сомасы — 18 млн
* Жылдық үстемақы — 5%
* Бастапқы жарна — 10%
⠀
Бағдарлама қатысушысына қойылар талаптар:
* Жасы 35-тен аспауы тиісті (35 жас кіреді);
* Соңғы 5 жылда басында баспана болмаған;
* Соңғы 6 ай алматыда тұрақты жұмысы болуы тиіс.
Қай санаттағы азаматтар қатыса алады?
• Медицина қызметкерлері;
• Білім беру қызметкерлері;
• Мәдениет қызметкерлері;
• Спорт қызметкерлері;
• Жоғары оқу орны қызметкерлері;
• Әлеуметтік сала қызметкерлері;
• БАҚ қызметкерлері;
• Құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
. Қалалық коммуналдық қызметкерлері.