Sulpak -тан компьютердің керек жарағын алып, кассаға келдім. Сергей маған таза қазақ тілінде қызмет көрсетті. Осы уақытқа дейін Sulpak сауда орны бойынша қазақ тілі мәселесі біраз ушыққанын әлеуметтік желіде оқып жүрген болатынбыз. Шымкенттегі Гипер Хаус сауда орталығындағы қызметкерлер «Біздің басшылық тарапынан қазақ тілі қолға алынған. Қазақ тілін білмейтін азаматтарды жұмысқа алмаймыз» дегенде төбем көкке жетті. Сергей акцентсіз қазақ тілін судыратып сөйлеп тұр. Жанында тағы бір ұлты орыс азаматы отыр екен. Ол да қазақ тілін таза сөйлеп тұр. Көңіл күйім тамаша болып шықтым. Осылай болуы керек.
Қазақшаны өздерің сөйлеп, сөйлетіп үйреніңдер!
Сергейге респект!
Бекболат Қаржан,
Фейсбук парақшасынан