Парашютшы Олег Тощев Республика күніне орай Іле Алатауының аспанында Қазақстанның ең үлкен туын көкте желбіретіп, Қазақстанның Гиннес рекордтары кітабына енді.
Ту елордадағы тудан екі есе үлкен. Тудың өлшемі – 800 шаршы метр, ені 40 метр болса, ұзындығы – 20 метр. Тәжірибелі парашютшы 2500 метр биікте Қазақстан байрағын желбіретті.
Олег Тощев 12 жылда парашютпен 5800 мәрте секірген.