Басты бет » Жаңалықтар » Елімізде 400 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады

Елімізде 400 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүрген болатын. 4 айға созылған құжат қабылдау науқаны кезінде қазақстандықтар 400 мыңға жуық өтініш келіп түскенін Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Енді мектептер сапалы дайындыққа және оқу процесін ұйымдастыруға, сынып түгендеуге кіріседі. Жаздың соңғы айын мектептер тиімді пайдаланады», – деп атап өтті білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Мектеп табалдырығын аттағалы отырған балғындардың көпшілігі Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында екен.

Комитет төрайымының мәліметінше, балалардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.