Желіде тараған жан шошырлық видео көңілімді түсірді.
Өз таныстарымен ішімдік ішіп, көңіл көтерудің соңы қыз зорламақ болған арам пиғылға ұласты. Ішіп-шегіп алған жігіттерден жанұшыра қашып келе жатқан бойжеткеннің алдынан Жақсы Адам кездескенін айтсаңызшы! Әйтпесе, соңын елестетудің өзі қиын.
Оқиға Алматының Жетісу ауданында болған. Қазір 22 жасар қыздың жауабы бойынша күдіктілер мен Қол ұшын созған жанашыр көлік жүргізуші іздестірілуде.
****
Түн жарымды көшеге атып шығып, жанұшыра көмек сұраған қызды зорлықшылардан құтқарған жігіт Рүстем Көшербаев азамат екені белгілі болды.
Рүстемнің мамандығы инженер-құрылысшы екен. 28 шілде түнгі сағат 00:20-де Талдықорғаннан Алматыға келген беті екен. Рысқұлов көшесі маңындағы Бродский көшесіне бұрылғаны сол екен көмек сұраған қыз көліктің алдына жүгіріп шығады. Ол қызды көлігіне отырғызып алады. Видеодан белгілі болғандай, ол қызды зорламақшы болған қаскүнемдерден құтқарды.
– Түн жарымда елсіз көшеден жанұшыра көлікке жүгірген қызды көргенде не ойладың?
– Әрине, ең алдымен, артынан өкшелей қуып келе жатқан жігіттерден қорғауым керек дедім. Басқа ой менде болған жоқ. Қайдан шықты? Не болды екен деп анықтап тоқтағанша екінші жігіт жүгірді. Қалтамда рұқсат етілген қаруымды аспанға аттым. Сонда ғана қыз қуушылардың беті қайтқандай болды. 102-ге хабар бердім. 5 минуттың ішінде 4 патруль көлігі келді. Полиция қызды өз көліктеріне мінгізіп, алып кетті.
– Қыз не айтып үлгерді? Мас па екен?
– Жасы 22-де, Ұзынағаштың қызы екен. Атын сұрамадым. Такси ұстап тұрғанда екі жігіт келіп, «бізбен по пути жеткізіп тастайық» деген. Өз жолынан басқа жаққа бұрылғанын көріп, айқайлап қарсылық танытқанын айтты. Алайда, таксист айқайлап жылап жатқаныма қарамастан мені күштеп түсіріп кетті. Жігіттер сол маңдағы мүрдеге қарай сүйреген. Осы сәтте менің көлігімнің жарығын байқаған бойжеткен бар күшімен ытқып шығып алдымнан жүгіріпті. Истерикасы тоқтаған соң сөзі дұрысталды, мастығын байқамадым.
– Үнемі жол үстіндесің? Осындай оқиғалар жиі кездесе ме? Шамасы, 4 рет болды осындай оқиға. Көбіне, трасса бойында жігіт пен қыз келіспей ұрсып қалады, ашумен тоқтатады. Көмек сұраған адамның қолын қайтармаппын.
– Сіздің бұл ісіңізді батырлыққа теңеп жатқандар бар, қанша дегенмен шегіп алған, ішіп алған жігіттер?
– Иә, сіздің комменттерді оқып таң қалдым әрі ұялып кеттім. Меніңше, қиналған жанды көрген әр адам көмек береді деп ойлаймын, бұл жәй адамгершілік қой. Мен және өзім танитын достарым, жақындарым болса дәл мен сияқты көмектесер еді. Өзім сол маңда тұрамын, көшеміз қылмыстан аулақ болса екен деймін.
Қазіргідей “бәлесінен аулақ” дейтін заманда адамгершілік батырлыққа теңелгені рас.
Дегенмен,тупик көшеде камераға жүздері анық көрінген күдіктілерді полицияның әлі таппауы көңілге күдік ұялатады.
(с) Гульмира Абыкай дың парағынан алынды