Үкімет екінші деңгейлі банктердің коммерциялық ипотекасының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауы мүмкін. Шамамен, 7 пайызы мемлекет есебінен субсидияланады. Алушыларға қанша пайыз болатыны айтылмады.
Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде мынадай базалық шарттар ұсынылады:
✅️ бастапқы жарна 20 пайыздан бастап;
✅️ кредит беру мерзімі 20 жылға дейін;
✅️ қарыздың ең жоғарғы сомасы 35 млн теңгеге дейін;
✅️ төлем қабілеттілігін міндетті түрде растау.
Дереккөз: atamekenbusiness