Бас прокуратура «Оқушылар автобусын бұрын сотталған адамдар жүргізген» деген мәлімдеме жасады.
Білім беру мекемелерінің балаларды тасымалдау қызметі мен қауіпсіздігін тексеру аясында осындай заңбұзушылықтар анықталды.
Сонымен қатар жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен және қажетті санаты жоқ қызметкерлер балалар автобусын айдап келген.
Ал автобустар техникалық тексеруден, жүргізушілер – медициналық куәландырудан өтпеген.
Осы іске байланысты Бас прокуратура қадағалау актісін енгізіп, 93 адамды тәртіптік жауапкершілікке тартты.