Басты бет » Жаңалықтар » Бес отбасы Солтүстікке қоныс аударды

Бес отбасы Солтүстікке қоныс аударды

Әлеуметтік желіде «БАЛА-ШАҒАМЕН СОЛТҮСТІККЕ» жобасын қолға алған белгілі блогер, журналист Дәулет Төлеутайдың бастамасымен бес отбасы Солтүстік Қазақстан облысына қоныстанды.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі қоғам белсендісі, «TÁUEKEL» ұйымын құрған Бурахан Дақанов сүйіншілеп жазды:
– Ал сүйінші ағайын. Дәулеттен көшірген 5 отбасы түгел дерлік Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданына қоныстанды. Теріскейге 36 адам қостық. Кеше Дәулеттеннің өзі келіп, қоныс тойларына қатысты. Бәріміз ризамыз.
Өз басым қатты қуанып отырмын. Осыдан біраз уақыт бұрын, Дәулеттен 5 отбасына үй алыпберіп, ауылдарға көшірмек дегенді ести сала, барымды салып, ол отбасыларды Солтүстікке, Шал ақын ауданына көшіруге тырыстым. Жатпай тұрмай жүгірдім десемде болады. Осы фейсбуктағы достарым оған өздеріңізде куәсіздер. Енді міне, Тәңір қолдап мақсатым орындалды. Нәтижесінде, Шал ақынға 10 ересек, 17 мектеп жасындағы оқушылар және 9 балақай көшіп келді. Төмендегі сурет толық емес, дегенмен бір ауыл, бір қауым боп тұрғаны көрініп тұр. Бәрінің де көздерін де от, жүрегі толған қуаныш. Меніңде екі езуім екі құлағымда отыр. Себебі, қолымызда билік болмаса да, бір емес, екі емес, 36 Қазақтың Солтүстік Қазастанға қоныстанып, үйлі болуына олардың өмірге деген жаңа құлшынысын оятуға сеп болдық. Ал суреттегілерді таныстыруға рұқсат етіңіздер:
Суретте Сұлтанмұратовтар отбасы. Аманжол және Гүлзира. 6 балалары бар. Жамбыл облысынан келген.
Екінші, Айтимовтар отбасы. Айдос пен Алия. 5 баласы бар.
Үшінші Баймырзалар отбасы. Абзалмен Перизат. 5 баласы бар. Алматы облысы, Шамалғаннан келген.
Төртінші отбасы Мақұлбековтар отбасы. Мұрат пен Ғалия. Алматы облысы. 5 баласы бар.
Және бесінші, мұнайлы өңір Маңғыстау, Бесшоқыдан келген Байғұловтар отбасы. Мұратбай мен Гүлнұр. 7 балалары бар.
5 отбасы.. 36 Қазақ..
——
Қарап отырсақ, Дәулеттеннің бұл жобасы, яғни 5 отбасыны Солтүстікке көшіргені, 5 отбасына үй алып, отын-суына дейін дайындап бергені, тіпті бизнес бастасын деп 1 миллионнан ақша бергенінің бәрі-бәрі айналып келгенде 34 миллион теңгенің айналасында болатын қаржы жұмсалды. Ал сол 30 миллион теңгені ат қып мініп жүрген Қазақтың байлары қаншама.. Міне осы жазбаны сол кісілер көрсе екен..
Негізі, басқасы басқа, мына өзім тұрып жатқан Шал ақын жерінде сатылымда тұрған үйлер жетерлік. Құндары шамамен 2,5 миллионнан- 6 миллион теңгеге дейін үйлер бар. Оның үстіне көршілес, босап қалған ауылдарда құны 500 мың теңгеге жетпейтін үйлер бар. Бір миллионды ремонтқа сал да, емін еркін тұра бер. Қысқасы, біз келдік ағайын, сіз де келіңіз. Бізге көрші болыңыз.
«TÁUEKEL». Теріскей бізге аманат!!!!