Кеше жыл сайынғы дәстүрге айналған «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығы жеңімпаздары анықталып, марапатталды.
Байқаудың басты мақсаты – қоғамымыздағы ең белсенді адамдарды анықтап, марапаттау.
Биылғы жылдың жеңімпаздары:
«Жылдың үздік спортшысы» – паралимпиялық пауэрлифтингші Давид Дегтярев,
«Жылдың үздік мұғалімі» – Нұр-Сұлтан қаласы ҚМУ 89 мектеп-лицейінің география мұғалімі Алтынай Садуақасова мен Жезқазған индустриялдық-гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Данияр Тулеубаев,
«Жылдың үздік дәрігері» – хирург Юрий Пя, марапатталды.
«Жылдың үздік парламентарийі» – Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин,
«Жылдың үздік тележүргізушісі» – Ақбөпе Тәңірберген мен Динара Сатжан,
«Жылдың үздік интернет порталы» сыйлығы – Azattyq Rýhy ақпараттық-сараптамалық агенттігіне,
«Блогосфера көшбасшысы» сыйлығы Ілияс Мыңжасаровқа табысталды.
1994 жылы 28 қыркүйекте тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгер-интернационалист Раджан Батырқановтың (1975-1994) анасы Қизат Батырқановаға «Батыл жүрек» құрметті сыйлығы табыс етілді.
«Алтын дәуір» арнайы жүлдесімен Қазақ киносының ардагері, белгілі актер Нұржұман Ықтымбаев пен қоғам қайраткері Айгуль Соловьева,
«Табыс пен даму» құрметті сыйлығымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
«Мәдени мұра» сыйлығымен «Алтын Орда» авторлық дизайнерлік үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзада,
«Ұлттық дипломатияны дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығымен дипломат Бағдад Әміреев марапатталды.
Ал, «Жылдың үздік кәсіпкері» – «Имсталькон-Теміртау» ЖШС бас директоры Иван Георгадиге,
«Жылдың үздік әлеуметтік бизнесі» – Петропавлдағы «Семейный» супермаркет желісіне,
«Жылдың үздік әлеуметтік жұмысы» сыйлығы Қызылорда облысының «Жан Арай Жем» ЖШС ұжымына берілді.
«Жыл меценаты» құрметті сыйлығына «Отау Групп» компаниясының президенті Қайрат Молдасейітов,
«Жыл фермері» сыйлығына «Әдемі-Астық» ЖШС (СҚО) директоры Бақыт Құсайынов пен «Абай Дәулет» ЖШС (Қызылорда облысы) директоры Мұрат Сәрсенбаев лайықты деп танылды.