Президент сайлауы алдында кандидаттар арасында өтетін теледебат туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев:
– Менің білуімше, теледебат болады және тікелей эфирде өткізіледі. Кандидаттар өзара пікірталасқа түседі, –деді.
Қазақстанда кезек былайтен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Ел Президенттігіне 7 үміткер тіркеліп, қазір үгіт-насихат шараларын бастап кетті. Олар:
- Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
- «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
- «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
- «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
- «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
- Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
- Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;