«Аузына келгенде оттады» деген осы шығар! Ау «91» тобының жігіттері!!! Ән айту деңгейлеріңнің биік екеніне ешқандай таласымыз жоқ. Бірақ сөз танымайтын мәңгүрт емес шығарсыңдар? «Құрттың ғо тағы» деген өлеңнің мәтінін жазған автор кім? Не сөз мыналарың? Сендерді мектеп оқушылары да тыңдайды ғой. «Құрттың ғо тағы» деген не өлең?
*****
Құрметті Мәдениет министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы мырза!!!!!
Мына «құрттың ғо тағыларды» қатаң бақылауға алыңыз. Әннің мәтінін педофильге жаздырған сияқты. Арасында эротикалық картина туғызатын сөздер өріп жүр. Осы бастан ескерту жасаңыз, әйтпесе бұлар порноклип түсіруден тайынбайтын шығар. Мына құрттарды қолға алыңыз Арыстанбек мырза!!!
*****
Топ жетекшісі Ерболат Беделxанның өнерін бала күннен білеміз. Әндерін тыңдап өстік. Әлі де тыңдаймыз. Ол кезде «Орда» тобының шығармашылығына белгілі режиссер, өнер қайраткері марқұм Марат Сақатов ағамыз бас-көз болатын. Орданың қадамы өте сәтті болды. Сондай аяулы ағалардың шекпенінен шыққан азаматсың ғой, не үшін бұндай арзанқол дүниеге жол бердің екен????
*****
Құрметті «91» тобы!!! Сендердің әншілік деңгейлеріңе, музыкалық өңдеулеріңе, жалпы, өнерлеріңе дауымыз жоқ. Бірақ сөзге мән бергендерің жөн!!!
«Құрттың ғо тағы»-н көргенде чип-чиппен жылап көріседі екенсің…
Суреттер ғаламтордан алынды