Басты бет » Тіршілік ырғағы » Тың деректерге толы құжаттар жинағы таныстырылды

Тың деректерге толы құжаттар жинағы таныстырылды

Жақында ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде «Тұран» университеті «құқықтану» мамандығының доценті Құдайбергенов Қуандық Шыңғысұлының «Алаш» қозғалысы тарихы бойынша эпистолярлық дереккөздер» атты ғылыми құжаттар жинағының тұсаукесері болып өтті.

Бұл жинақта келтірілген «Алаш» автономиясының әскери хат-хабар және хат алмасу туралы құжаттары Ресей Федерациясы Томск облысының Мемлекеттік мұрағат қорынан алынған.

музей

Алаш қозғалысының мұрасын зерттеуге үлес қосу, орыс мұрағаттарынан алынған мұрағаттық дереккөздерді ғылыми айналымға енгізу, ғылыми және педагогикалық қоғамдастыққа Томск облысының мемлекеттік мұрағаттарынан жинақталған құжаттардан ғылыми жинақ ұсыну, мұрағаттық материалдар үлгілерін ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің қорына табыстау мақсатында өткізілген бұл шарада жинақта келтірілген 15 маңызды құжаттың деректері ғалымдардың талқысына салынды. Жиынға қатысушылар бұл жинақтың еліміздегі көптеген тарихшылар мен саясаттанушылар, білімгерлер қауымының зерттеу жұмыстарына тың серпін беретіні сөзсіз деген баға берді.

музей1

Ғалымдар мен педагогика мамандары, Астана қаласының мұражайлары мен кітапханалары қызметкерлері, магистранттар мен студенттер қатысқан бұл жиынның ресми бөлімі, жинақты құрастырушы автордың музей басшылығына жинақ пен құжаттардың көшірмелерін табыстауымен аяқталды.

музей2

Ақтоты БОРИСҚЫЗЫ
Суреттерді ұсынған: ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи

музейінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу