Басты бет » Тіршілік ырғағы » «Жас Отанда» Орталық Кеңес отырысы өтті

«Жас Отанда» Орталық Кеңес отырысы өтті

Астанада «Жас Отан» ЖҚ-ның жаңадан сайланған Орталық Кеңесінің бірінші отырысы өтті. Оның құрамына 16 аймақтан 32 мүше кірген.

жас отан2

Алқалы жиында IV Съезде қабылданған «Жаңа әлемге жол саламыз» қорытынды құжатын іске асыру бойынша «Жас Отан» ЖҚ Жол картасы қабылданды.

Сондай-ақ, отырыста кеңес мүшелеріне Жас Отанның жаңа мультижобалары таныстырылды.

Қолға алынған жобалар жастар арасында салауатты мінез-құлық пен өмір салты қағидаттарын енгізу, кәсіпкерліктің жан-жақты дамуына ықпал ету, қазақ және ағылшын тілдерін дамытуға ықпал ететін ортаны қалыптастыру, цифрлы технологияларды енгізу және дамыту үшін жағдай жасау секілді мақсаттарды көздейді.

жас отан

Отырыс барысында Кеңеске Астана қаласынан сайланған Бекжан Әлімқұлов Telegram Bot-ты жұмысымен таныстырып, іске қосты. Енді ұйым Телеграм жүйесінде жастарға бұрынғыдан да жақынырақ және қолжетімді болмақ.

жас отан3

Сонымен қатар, Қарағанды облысынан Кеңес мүшесі Нияз Сундиталиев жаңадан құрылатын мүгедектер ұйымы жайлы жаңалығымен бөлісті.

«Нұр Отан»

Пікір жазу