Басты бет » Тіршілік ырғағы » Рухани байлықтың кәусар бұлағы – театр

Рухани байлықтың кәусар бұлағы – театр

3 ақпан күні Астана политехникалық колледжінің студенттері Астана қаласы əкімдігінің Жастар театрында қазақ киносы мен театрының жұлдыздарымен кездесті. Колледж оқытушысы Алмагүл Джанұзақованың ұйымдастыруымен өткен тамаша кездесу  «Рухани байлықтың кəусар бұлағы – театр» аталды.

Кездесуге келген колледж студенттері алдымен театр сахнасында қойылған Сəкен Жүнісовтың «Тырау-тырау, тырналар» қойылымын тамашалады. Қойылымнан кейін кездесу басталды. Кездесуге Дəурен Серғазин, Бахыт Хаджыбаев, Азамат Эскулов, Мейірғат Амангельдин, Ербол Тлеукенов, Данияр Уразаев, Елдос Шайкенов, Наурыз Сабағатова, Мадина Жұмабаева сияқты талантты актерлар қатысты. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дайындаған сыйлықтарын тарту етті. Қазақ киносының, театрының жұлдыздарымен сұхбаттасқандарына өте риза болды.

театр

 

театр1

9

Пікір жазу