Басты бет » Жаңалықтар » Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 жас футболшысы қатарында

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 жас футболшысы қатарында

Фото: qazsporttv.kz

Британиялық The Guardian басылымы 17 жастағы «Қайрат» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевты 2008 жылы туған әлемнің ең болашағы зор ойыншыларының тізіміне енгізіп, 30-орынға қойған.

Басылымның мәліметінше, Сәтпаев «Челси» клубымен 4 млн еуроға келісімшарт жасаған.

Материалда футболшының жылдамдығы, техникасы және ойын қабылдаудағы ересек шешімдері ерекше атап өткен.

Рейтингте бірінші орынды «Ланус» (Аргентина) командасынан Томас де Мартис иеленді. Тізімге сондай-ақ «Барселона», «Боруссия», «Бавария», «ПСЖ» ойыншылары да енген.