Басты бет » Жаңалықтар » Алматыда 100 жаңа мектеп автобусы іске қосылды

Алматыда 100 жаңа мектеп автобусы іске қосылды

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша шаһарда «Мектеп автобусы» ауқымды жобасын іске асыру жалғасуда, деп хабарлайды Jastar janary порталы Алматы әкімдігінің ресми арнасына сілтеме жасап.Бұл жолы автобус паркі отандық өндірістің тағы 100 жаңа машинасымен толықты. Осының арқасында қаланың шалғай аудандарынан 14 мыңнан астам оқушы тегін тасымалдауды пайдалана алады.

Yutong маркалы жаңа автобустар барлық қауіпсіздік пен жайлылық стандарттарына сәйкес келеді. Олар жету қиын аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден түскен өтінімдерге қарай жаңа бағыттарға шығып отырады.

Естеріңізге сала кетейік, жобаның бірінші кезеңі өткен жылы басталып, тұрғылықты жерінен оқу орнына дейін және кері қарай 6 мыңнан аса баланы тегін тасымалдаумен қамтуға мүмкіндік берді. Алматыда 100 жаңа мектеп автобусы іске қосылды.