CareerTime кәсіптік бағдар беру фестивалі «Almaty student’s week» апталығы аясында өтті деп хабарлайды, Jastar janary порталы Алматы әкімдігінің ресми арнасына сілтеме жасап.
Фестивальге Жастар саясаты басқармасының қолдау көрсетті. Қатысушылар еңбек нарығының талаптары туралы біліп, университеттер және жұмыс берушілермен тікелей қарым-қатынас жасай алды.
Іс-шараға 26 университет студенттері мен 2 000-нан астам мектеп түлегі және жұмыссыз жастар қатысты. 30 ірі жұмыс беруші 400-ден астам бос жұмыс орны ұсынды.
IT, фитнес және шығармашылық бойынша шеберлік дәрістері өткізілді. Фестиваль жастардың кәсіби және тұлғалық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Ұйымдастырушылар келесі жылы тағы да іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр.