26 қарашада Алматы қаласында «Хайуандар әлеміне» «ЖОҚ» де!» атты акциясы өтеді. Зорлық-зомбылыққа карсы басталған акцияны «Жаңа адамдар” қозғалысы ұйымдастырғалы отыр.
zhana.adamdar инстаграм парақшасында аталған акция туралы жазба жариялаған қозғалыс белсенділері:
Осылайша, жастар бүгінгі қоғамда әлімжеттік көріп, зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған әлсіздердің құқығын көтеріп, алаңға шықпақ.
– “Жаңа адамдар” қозғалысы абыройынан айырылған, ұрып-соққыға жығылған, өлтірілген жағдайлардың бәрін жинамақшы. Жарияланған, жарияланбаған, балабақша, мектеп, көшелерде болсын, жыныс, лауазым, жас ерекшеліктеріне қарамай бәрі жиналады. Адамның адамгершілігі сұрақ астына қойылатын барлық жағдайларды жинайды, бірақ шошып, кейін ұмыту үшін емес, зорлық-зомбылықты тудыратын СЕБЕПТЕРДІ анықтау үшін. Олардың ішіндегі ең бастысы – “ЖОҚ” деген сөзді қабылдай алмау, – дейді белсенділер.