Басты бет » Жаңалықтар » Бақытты адамның 5 әдеті

Бақытты адамның 5 әдеті

Өмір бойы бақыт іздеумен, күтумен жүреді! Расында, бақыт деген не өзі?! Көзге көрініп, қолға ұстауға бола ма?! Әрине, бақыт бар! Бақыт сіздің басыңызда! Бақытты адамның 5 әдеті жайлы айтамыз.


Бақытты адам – үнемі күлімсіреп жүреді

Тіпті өзіңізді көңілді сезінбесеңіз де әлдеқандай жақсы дүниелер туралы ойлаңыз. Бұл сізге көмектеседі. Беймаза күйден арылуға талпыныңыз. Егер сіз күлімсіреп тұрып жаман нәрсе жайлы ойласаңыз одан да қиын болады. Сондықтан жақсы ой жүріңіз!

Бақытты адам – ақшаны өзгелер үшін жұмсайды

Ақшаға бақытты сатып ала алмайтыныңыз ақиқат. Бірақ ақшасыз қол жететін дүние аз. Ақшаны қолдың кірі дегеніңізбен соны табу үшін еңбектенетінің тағы рас. Бақыттылар ақшаны өзіне ғана жұмсап қана қоймай, өзгелер үшін де жұмсайды. Бақыт біріккенде ғана бағалы.

Бақытты адам – тыңдай біледі

Тыңдаған кезде ғана жаңа ілімге қол жеткізесіз, әлденені үйрене аласыз. Тыңдай білу – үлкен мәдениеттілікке жатады. Жаныңыздағы досыңызды яки жақыныңызды, ұстазыңызды тыңдап отырғанда оларға сенімділік сыйлайсыз және олардың құрметіне ие боласыз. Тыңдай білу арқылы берік қарым-қатынас орнайды.

Бақытты адам – қарым-қатынасын үзбейді

Әлеуметтік желі арқылы хат жазу өте тез жүзеге асады және бұл әркімнің қолынан келетін іс. Барлығы үшін ешқандай қиындық тудырмайды. Алайда сол досыңызды әлде туысыңызды үйіне іздеп бару, көзбен көру, жүздесу одан да керемет. Кез келген адам шынайы сыйластықты, шынайы достықты қалайды. Сол себепті, жақыныңызбен қарым-қатынасыңызды нығайтам десеңіз жиі іздеп барыңыз. Әлеуметтік желі арқылы байланыс бетпе-бет жүздескенге жетпейді.

Бақытты адам – жақсылыққа құштар

Адамға бақытты болу үшін барлық мүмкіндіктер берілген. Барлығы өзіңізге байланысты. Ең бастысы, бақыт таудай нәрсе емес, ұсақ-түйек дүниеден тұратнын, бақыт бір сәт яки бір мезет екенін жадыңыздан шығармай, жақсылық жасаудан жалықпаңыз.